2023-07-19

B-Bank қосымшасында АҚШ долларымен және еуромен халықаралық SWIFT аударымдары қолжетімді

Bereke Bank клиенттері B-Bank мобильді қосымшасында SWIFT халықаралық аударымдарын АҚШ долларымен және еуромен қайтадан жасай алады.

Аударымдар жеке және заңды тұлғалардың шоттарына банктік деректемелер бойынша жүзеге асырылады. Бір аударым үшін комиссияның құны – соманың 0,2%-ын, кем дегенде 3000 теңгені құрайды. B-Bank қосымшасында тәулігіне максималды 4 200 000 теңгеге дейін аударуға болады*.

Толық ақпаратты келесі беттен болады.

Доллармен және еуромен онлайн аударымдарын іске қосу Банктің операциялық қызметті қалпына келтіру жоспарлы жұмысы шеңберінде орындалған кезекті қадамы болды.

Операцияны жүзеге асыру үшін:

  • • B-Bank мобильді қосымшасын жүктеп, тіркеліңіз;
  • • содан кейін басты бетте «Аударымдар» бөліміне өтіңіз;
  • • «Халықаралық», «Шот нөмірі бойынша» бөлімшесін таңдаңыз;
  • • қаражатты алушыны: жеке немесе заңды тұлғаның деректерін толтырыңыз;
  • • аударым сомасын енгізіп, операцияны растаңыз. Дайын! Қаражат алушыға аударылған ақша үш жұмыс күні ішінде түседі.
  • • Бүгінде Bereke Bank клиенттері B-Bank мобильді қосымшасында операцияларды теңгемен, АҚШ долларымен, еуромен және Ресей рублімен жүргізе алады. Сондай-ақ, Банк бөлімшелерінде теңгемен, АҚШ долларымен, еуромен, рубльмен және юаньмен аударымдар қолжетімді.

Жақын арада Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері бойынша картадан картаға жасалатын ақша аударымдарын қалпына келтіру көзделіп отыр.

*Тәуліктік лимит сомасына «B-Bank» - те жасалған барлық аударым операциялары кіреді.

Анықтама үшін:

«Bereke Bank» АҚ акциясының 100%-ы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан ҚР Үкіметіне тиесілі.

Маусым айының басында Fitch Ratings халықаралық агенттігі «Bereke Bank» АҚ-ға тұрақты болжаммен «BB» деңгейінде ұзақмерзімді рейтинг берді, бұл рейтинг – Қазақстан нарығындағы ең жоғары рейтингтердің бірі.

2023 жылы 5 айдың ішінде клиенттердің банк шоттарындағы қаражаты 150 млрд теңгеге артты, оның ішінде корпоративтік сектор қаражаты 90 млрд теңгеге өсті.

Bereke Bank капиталының жеткілікті коэффициенті 2023 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша 9,4%-дан 2023 ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша 11%-ға көбейді. Қаржы институты ай сайын пайда тауып отыр, 2023 жылы 5 айда түскен кіріс мөлшері 12 млрд теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 20.09.2022 ж. № 1.2.199/93/31 лицензия.

«Bereke Bank» АҚ баспасөз қызметі

press@berekebank.kz

+7 727 266 35 68 (вн.601387)
+7 7011392339
Меруерт Бердыбаева