Акция! Телефон және сағат арқылы жасалған төлем үшін 10%
«Телефонмен жасалған сауда үшін 10% кешбэк» акциясының ережелері
Акция – «Bereke Bank» АҚ өткізетін «Телефонмен жасалған сауда үшін 10% кешбэк» атты маркетингтік акциясы (бұдан әрі – Акция).
Банк – «Bereke Bank» АҚ Акция ұйымдастырушысы болып табылады.
Карта – Акция аясында сауда жасау кезінде «B-Bonus» Бейілділік бағдарламасына қатысатын Банк шығарған есептік дебеттік карта.
Жоғарылатылған бонус – осы Ережелердің 2-т. сәйкес есептелген Бонустар сомасы.
Акция мерзімі – 01.09.2024 ж. бастап 31.10.2024 ж. дейін.
Акцияға қатысу кезеңі – карта рәсімделген толық емес айды қоса алғанда, картаны Google Pay, Apple Pay, Samsung Pay жанасусыз төлем жасау сервистеріне қосу күнінен бастап үш ай.
Сауда – Акцияға қатысушының Google Pay, Apple Pay, Samsung Pay жанасусыз төлем жасау сервистерін пайдалана отырып, Картамен тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді төлеуі.
Акцияға қатысушы – Акцияға қатысу талаптарын орындаған, Карта ұстаушысы болып табылатын және келесі талаптарға сәйкес келетін Банк клиенті:
- Акция мерзімі басталған күні жасы толық 18 жастан кіші емес.
- Акция мерзімі басталған күннен бастап Акция бойынша Жоғарылатылған бонустар есептелген соңғы күнге дейін Банк алдында мерзімі кешіктірілген кез келген берешек жоқ.
- «Bereke Bank» мобильді қосымшасында тіркелген
- Картаны рәсімдеген сәттен бастап немесе соңғы 90 күн ішінде токенизацияланған транзакцияларсыз белсенді карта ұстаушысы
1. Акцияға қатысу талаптары:
1.1. Карта бойынша «Bereke Bank» мобильді қосымшасында B-Bonus+ жоғарылатылған бонустар жазылымын қосу.
1.2. Картаны Google Pay, Apple Pay, Samsung Pay жанасусыз төлем жасау сервистеріне қосу.
1.3. Сауда жасау күнінің соңында Картада 100 000 теңгеден кем емес мөлшердегі қалдықты қамтамасыз ету. Демалыс немесе мереке күндері демалыс немесе мереке күндерінің алдындағы жұмыс күнінің соңындағы қалдық ескеріледі.
2. Жоғарылатылған бонустарды есептеу тәртібі мен талаптары: Банк Акцияға қатысу талаптарын орындаған Акцияға қатысушыға Жоғарылатылған бонустарды келесі тәртіппен есептейді:
2.1. Сауда Google Pay, Apple Pay, Samsung Pay жанасусыз төлем жасау сервистерін пайдалана отырып, Картамен жасалған.
2.2. Жоғарылатылған бонустар Акция мерзімі ішінде Картамен төленген Саудалар сомасының % ретінде айқындалады.
2.3. Акция шеңберінде сыйақы мобильді қосымшада B-Bonus-ты іске қосқан жағдайда 1,5% стандартты кешбэкке және басқа да акциялық тетіктерге («Депозит үшін супер кешбэк» акциясы және «Меморина» бонус-ойыны бойынша бонустар) қосымша есептелетін болады.
2.4. Сауда жасау күнінің соңында Картада 100 000 теңгеден кем емес мөлшердегі қалдықты қамтамасыз ету. Демалыс немесе мереке күндері демалыс немесе мереке күндерінің алдындағы жұмыс күнінің соңындағы қалдық ескеріледі.
2.5. Акцияға қатысушының бонустық шотына Жоғарылатылған бонустарды есептеу келесі күнтізбелік айдың 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
3. Акцияның басқа талаптары:
3.1. Банк Акция қатысушыларын Банктің https://www.berekebank.kz/ сайтында Ережелердің жаңа редакциясын жариялау арқылы хабарландыра отырып, Акция Ережелеріне өзгертулер енгізуге құқылы. Сонымен қатар Банк Акцияға қатысушыларға Ережеледің өзгеруі туралы маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдарды ұсыну жолымен хабарландыруға да құқылы.
3.2. Акцияға қатысушылар Акция Ережелерімен және https://www.berekebank.kz/ мекенжайы бойынша орналасқан өзекті өзгертулермен өз бетінше танысады.
3.3. Акция қатысушысының Акция талаптарына сәйкес Ережелердің жаңа редакциясы күшіне енген сәттен кейін әрекеттер жасауы Қатысушының Акция Ережелерінің жаңа редакциясымен келісетінін білдіреді.
3.4. Банк телекоммуникациялық және энергетикалық желілерінде болған ақаулар, зиян келтіретін бағдарламалар, үшінші тұлғалардың арам пиғылды әрекеттері нәтижесінде өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Акция қатысушылары алдында жауапты болмайды.
3.5. Банк еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған жағдайда Акция қатысушыларына мұндай шешім туралы алдын ала хабарландырмай, өз жеке қалауы бойынша Акцияны өткізуді біржақты тәртіппен тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады.
3.6. Банк Акция қатысушыларының Акцияға қатысуына байланысты пайда болуы мүмкін ақшалай залалдардың, ұсталымдардың және өзге де кез-келген шығындардың орнын толтырмайды және қайтармайды.
3.7. Акция бонустарды банк сайтындағы Бейілділік бағдарламасының ережелерінде сипатталған есептеу мен жұмсаудың негізгі талаптары аясында жүргізіледі. Бейілділік бағдарламасының ережелерінде көрсетілген шектеулер мен лимиттер акция бойынша да қолданылады.
3.8. Банк Акция қатысушысының әрекеттерін/әрекетсіздігін алаяқтық, арам ниетті және/немесе Акцияға қатысу талаптарын өзге де жолмен бұзатын деп таныған сәтте, оның ішінде Бейілділік Бағдарламасында көзделген жағдайларда Банк мұндай Акция қатысушысына хабарламай және себептерін түсіндірмей Акция Ережелеріне сәйкес есептелген Бонустарды/Жоғарылатылған бонустарды есептемеуге және/немесе күшін жоюға құқылы.