Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank кәсіпкерлер мен инвесторларға арналған бизнес-таңғы ас дәстүрін бастады

Bereke Bank серіктестерімен бірге елімізде кәсіпкерлікті қолдап, инвестициялық мәдениетті өркендетуге бағытталған бизнес-таңғы ас форматындағы кездесулерді бастады. Алғашқы басқосу Алматы төрінде өтіп, өз ісін дөңгелеткен кәсіпкерлерді, қаржы саласының білгірлерін және инвесторларды бір алаңға тоғыстырды.

Бұл жүздесу — ой мен тәжірибе тоғысқан, ашық пікір алмасуға жол ашқан мазмұнды алаң болды. Қатысушылар бүгінгі инвестициялық үрдістерді, қор нарығының мүмкіндіктерін, сондай-ақ берік әрі жүйелі бизнес құрудың тиімді жолдарын ортаға салды.

Қонақтарды Bereke Bank-тің Алматы филиалының директоры Сабит Тобажанов қарсы алып, банктің бизнес үшін ұзақмерзімді серіктес ретіндегі рөлін атап өтті:
«Bereke Bank — әр шешімде ерекше қарым-қатынасты ұсынатын банк. Біз тек қаржылық қызмет көрсетіп қана қоймай, сенімге, тұрақтылыққа және әр клиентке жеке көзқарасқа негізделген ұзақмерзімді серіктестік құрамыз».

Банк өкілдерінің айтуынша, бүгінгі қаржы институттары тек қызмет көрсетумен шектелмей, білім мен тәжірибе ұсынатын, кәсіптің көкжиегін кеңейтетін сенімді тірекке айналуы тиіс.
«Қазіргі банк — тек қаржы көзі емес, бизнестің бағыт-бағдарын айқындап, ертеңіне сеніммен қарауға жол ашатын серіктес», — деп атап өтті Сабит Тобажанов.

Іскерлік бағдарлама барысында сала мамандары өз тәжірибесімен бөлісті:
• Григорий Сосновский — инвестициялық мүмкіндіктер мен табыстылық жайын тарқатты;
• Олег Зайцев — қор нарығында табыс табудың қыр-сырын түсіндірді;
• Ержан Мусин — АХҚО аясындағы жеке қорлар туралы баяндады;
• Досжан Тусупов — кәсіпкер үшін ортаның маңызына тоқталды;
• Асет Ногайбаев — жүйелі бизнес құрудың негізгі қағидаларын ұсынды.

«Bereke Bank-пен әріптестік біз үшін аса маңызды. Біз кәсіпкерлер мен инвесторларға АХҚО аясындағы сенімді әрі кәсіби инвестициялық шешімдерге жол ашып, капиталды тиімді басқарудың ұзақмерзімді мәдениетін қалыптастыруды көздейміз», — деді Fonte Capital Ltd компаниясының бас директоры Ержан Мусин.

Кездесу барысында сарапшылар нақты мысалдар келтіріп, тәжірибелік кейстер арқылы бизнес тиімділігін арттыру мен капиталды басқарудың жолдарын көрсетті.

Бұл бастама алдағы уақытта Астана, Қарағанды, Шымкент, Қостанай қалаларында жалғасып, кәсіп иелері үшін тұрақты пікір алмасу мен байланыс орнатудың игі дәстүріне айналмақ.

Bereke Bank осындай мазмұнды кездесулер арқылы кәсіпкерлер қауымын біріктіріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуды әрі қарай да жалғастыра бермек.