Артқа
ҚР бейрезиденттері үшін мобильді қосымша арқылы шетелге ақша аудару тәртібіндегі жаңа өзгерістер
2025 жылғы 16 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін мобильді қосымша арқылы халықаралық аударымдарды жіберудің талаптары өзгерді.
Енді ҚР бейрезиденттері SWIFT жүйесі арқылы ақшаны АҚШ долларындағы немесе еуродағы шоттар мен карталардан ғана жібере алады. Сонымен қатар Ресейге аударымдарды ресей рубліндегі шоттар мен карталардан ғана жібере алады.
Теңгедегі және басқа валюталардағы шоттар мен карталардан аударым жасау мүмкін емес.
SWIFT-аударымдар туралы толығырақ
Ресейге аударымдар туралы толығырақ
Кеңес алу үшін 5030 нөмірі бойынша немесе Bereke Bank кез келген бөлімшесіне жүгініңіз.