Кеңес беру және сүйемелдеу
Жауапты ұсыну уақыты
Валюталық бақылау, салықтар, санкциялық комплаенс, кеден
Сіз сайтта өтініш қалдырасыз немесе бізге қоңырау шаласыз
Келісімшартты жібересіз. Біздің мамандар толық тексеруден өткізеді
Екі сағат ішінде толық кеңес пен іс-қимыл жоспарын аласыз
Орталық валюта келісімшарттарын Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарына сәйкестігін, ҚМЖҚ-ФҚ критериялары, санкциялық элементтер және күрделі мәмілелерді құрылымдау бойынша алдын ала сараптамадан өткізеді, бұл келісімшартты Валюта бақылауына қоюда бас тарту мен кешігулер тәуекелін азайтады.
Негізгі құжат – сіздің валюталық келісімшарт. Қажет болса, қандай ақпарат қажет болатынын айтамыз.
Кеңес алу үшін өтінімді толтырыңыз, және біздің менеджер сізбен хабарласады.
Иә! СЭҚ Орталығы Bereke Bank-тің клиенті болмасаңыз да, сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларына ашық.
Біз құжаттарыңызды 2 сағат ішінде қарап, жауап береміз.
Сұрағыңызды дайындап, байланыс формасын толтырыңыз. Кеңес онлайн (Zoom-call), телефон немесе электрондық пошта арқылы ұйымдастырылады.
Bereke Business жеке кабинетінде келесі операцияларды жүргізуге болады:
- Валюталық бақылау: шартты валюталық бақылауға қабылдау, шартқа өзгерістер енгізу, тауарды жеткізуді / қызмет көрсетуді растайтын құжаттарды тіркеу, Клиенттерге арналған салыстыру актісі (банктің мөрі басылған)
- Валюталық аударымдар: валюталық аударымды жіберу және қабылдау
- Айырбастау операциялары: валюта айырбастауды стандартты және жеке бағамдармен жүргізу
Шарт сомасы оны жасаған күні 50 000 USD (шарт валютасына сай) жоғары болса, валюталық шарттың есептің нөмірін (ВШЕН) алу қажет болады. Сонымен қатар экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартта оны жасаған күні шарт сомасы көрсетілмеген болса, мұндай шарт та есептік тіркелуге тиіс шарт ретінде қарастырылады.
Репатриация мерзімі – контрагенттің валюта шарты бойынша экспорттаушы немесе импорттаушы алдында міндеттемелерін орындау мерзімі.
Репатриация мерзімін экспорттаушы немесе импорттаушы валюта шарты бойынша міндеттемелерді тараптардың орындау шартының негізінде өз бетімен есептейді және бұл келесілер арасындағы уақыт мерзімі болып табылады:
- Экспорттау күні мен экспорттау ақысы ретінде валютаның түсу күні;
- Импорт бойынша төлем/ақша аудару күні мен бейрезидент міндеттемелерін орындамаған / толық орындамаған жағдайда импорт бойынша қолданылмаған алдын ала төлемді қайтару күні;
- Импорт бойынша төлем/ақша аудару күні мен импорттау бойынша валюта шартында қолданылмаған алдын ала төлемді қайтару мерзімі жоқ болса, импорттау (тауарды жеткізу, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау) күні.
FX-платформа – онлайн режимде конверсиялық операциялар бойынша жеке бағамға қол жеткізу мүмкіндігін алуға болатын құрал.
Қызметті қосу үшін 1 рет өзіңіздің қызмет көрсететін менеджеріңізге хабарласу жеткілікті. Кейіннен конверсиялық операцияларды сіз Bereke Business жеке кабинетіңізде жүргізе аласыз.
FX-платформада жеке бағам қалай сіздің конверсиялық операцияларыңыздың айналымының негізінде есептеледі. Жасалатын мәміленің көлемі неғұрлым үлкен болса, берілетін бағам соғұрлым тиімдірек болады.
Аударымды келесі валюталарда жасауға болады: Еуро, АҚШ доллары, Ресей рублі, Швейцария франкі, Қытай юані, Фунт стерлинг. Валюталық аударым жасау үшін аударым валютасында шот ашуыңыз керек.
Валюталық аударымды әлемнің кез келген еліне, SWIFT жүйесіне қосылған кез келген банкке жіберуге болады.
Заңды тұлғалар – резиденттер және бейрезиденттер операция сомасы 10 000 USD (төлем валютасының баламасында) асқан жағдайда құжаттарды міндетті түрде тапсырады.
Басқа банктен қызмет көрсетуге ауысқан жағдайда экспорттау немесе импорттау бойынша валюта шартына жаңа есептік нөмір берілмейді.
Экспорттаушы немесе импорттаушы алдыңғы есептік тіркеу банкіне келесілерді тапсырады:
1) басқа банкке өтуіне байланысты экспорттау немесе импорттау шартын валюталық бақылаудан шығару туралы еркін нысандағы өтініш;
2) валюта шарты бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты басқа өкілетті банкке беруге еркін нысандағы жазбаша келісім.
Одан әрі экспорттаушы немесе импорттаушы “Bereke Bank” АҚ-ға келесілерді береді:
1) тағайындалған нөмірі бар экспорттау немесе импорттау бойынша валюта шартын валюталық бақылауға алу туралы тағайындалған нысан бойынша өтініш (№42 Ережелердің 1-ші қосымшасы);
2) бірінші бетінде алдыңғы банктің есептік тіркеу белгісі бар экспорттау немесе импорттау бойынша валюта шартының түпнұсқасы немесе көшірмесі.