Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank күн сайын тиімді валюта бағамын ұсынады

2026 жылғы 9 ақпан мен 6 наурыз аралығында Bereke Bank «Күн бағамы — күн сайын жаңа тиімді ұсыныс!» атты акциясын өткізеді. Акция аясында жұмыс күндері банк клиенттері валютаны мобильді қосымша арқылы арнайы тиімді бағаммен айырбастай алады.

Енді айырбастау пункттерін іздеп, бағамдарды салыстырудың қажеті жоқ. Арнайы бағам онлайн режимде қолжетімді — жылдам, ыңғайлы әрі қауіпсіз.

Акция шеңберінде әр жұмыс күні банк бір валюталық жұпқа арнайы бағам («Күн бағамы») белгілейді. Ұсыныс Қазақстан Республикасының аумағында Астана уақыты бойынша сағат 10:30-дан 17:00-ге дейін әрекет етеді.

Арнайы бағам Bereke Bank-тің мобильді қосымшасындағы «Валюта айырбастау» бөлімінде операция жасау кезінде автоматты түрде қолданылады.

Клиенттерге промокод енгізудің немесе қосымша талаптарды орындаудың қажеті жоқ, ол үшін белгіленген уақыт аралығында айырбастау операциясын жасаудың өзі жеткілікті, барлығы автоматтандырылған.

Мысалы, бүгінгі валюталық жұп — АҚШ доллары мен теңге болсын. 1 000 АҚШ долларын айырбастағанда бір доллар үшін 2–3 теңге айырмашылықтың өзі 2 000–3 000 теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал ірі сомаларда бұл тиімділік одан да айқын сезіледі.

«Күн бағамы» — қаржыңызды басқаруға және одан да тиімді етуге мүмкіндік береді.

Bereke Bank мобильді қосымшасын бақылап, күн сайынғы арнайы бағамды пайдаланыңыз және валютаны тиімді әрі оңай айырбастаңыз.