Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank Ulttyq Ónim – 2026 көрмесіне қатысты

22–24 мамыр күндері Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында IX жыл сайынғы отандық өндірушілердің Ulttyq Ónim – 2026 көрмесі өтті. Bereke Bank бұл маңызды шарадан шет қалмай, елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бастаманы қолдады.

Биылғы көрме бұрынғыдан да ауқымды өтіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 600-ден астам кәсіпкердің басын қосты. Қатысушылар өнеркәсіп, құрылыс, агроөнеркәсіп, IT және қызмет көрсету салаларындағы өнімдері мен қызметтерін көпшілікке ұсынды.

Көрме барысында Bereke Bank өкілдері кәсіпкерлермен, серіктестермен және клиенттермен жүздесіп, бизнестің бүгінгі жай-күйі, қаржыландыру мүмкіндіктері және алдағы әріптестік бағыттарын кеңінен талқылады. Банк өз тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға арналған кредиттік өнімдер, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және кеңес беру қызметтерін таныстырды.

Астана қаласындағы филиалдың корпоративтік бизнес жөніндегі директордың орынбасары Малик Сабатаев: «Отандық кәсіпкерді қолдау – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осындай алаңдар бізге кәсіпкерлермен ашық пікір алмасып, олардың нақты қажеттіліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Соның негізінде бизнестің өсіп-өркендеуіне серпін беретін тиімді қаржылық шешімдерді ұсынамыз», – деді.

Банкпен ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлер де оның қолдауын ерекше атап өтуде.

«Біз Bereke Bank-пен 2015 жылдан бері ынтымақтасып келеміз. Осы уақыт ішінде банк өзін сенімді қаржылық серіктес ретінде көрсетті. Кредиттік желінің болуы және консультациялық қолдау бізге өндірісті дамытуға және жоспарларымызды сенімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — деді «Теплотехник-НС» ЖШС директорының орынбасары Андрей Устьянцев.

Көрме аясында панельдік сессиялар, B2B кездесулер және түрлі білім беру іс-шаралары ұйымдастырылып, кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасуға және жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік жасалды.

Ulttyq Ónim – 2026 көрмесі тағы да бизнес өкілдері, қаржы ұйымдары мен сарапшылар тоғысатын маңызды алаң екенін дәлелдеп, отандық өндіріс пен шағын және орта бизнестің дамуына тың серпін берді.