«Бәрі Bereke-лі болады!» - имидждық кампания жөнінде
Рестайлинг ұғымы нені білдіреді?
Банк рестайлинг жүргізді, яғни өзінің платформасы аясында Bereke Bank логотипін стилистикалық тұрғыдан жаңартты және көпшілікке «Бәрі Bereke-лі болады!» атты жаңа ұранды ұсынды. Бұл өзгерістер қоғамның брендті қалай қабылдайтыны жөнінде жасалған зерттеулерге негізделді және жаңа таңба нарық пен аудиторияда болып жатқан өзгерістерге бейімделіп жасалды. Сондай-ақ, банктің жаңа ұстанымының стратегиясы заманауи цифрлық ортаның талаптарына сәйкес келетін бәсекеге қабілетті бизнесті құруға деген ұмтылысын көрсетеді.
Рестайлинг не үшін қажет болды?
2022 жылы санкциялардан шығу процесін бастау үшін талаптардың бірі ретінде тез арада банктің атауын өзгерту қажет болды. Қысқа мерзімде Банк командасы жаңа таңба мен фирмалық стильді әзірледі, сондай-ақ жаңа корпоративтік сайтты жасап, барлық бөлімшелердегі маңдайшалар, банкоматтар мен онлайн арналардың дизайнын өзгертті. Дегенмен, атауы мен логотипті өзгергеннен кейін банктің алдағы дамуы жайында қандай да бір ұстанымы болған жоқ. Сондықтан санкциялардан шыққаннан кейін банк басшылығы бренд платформаларды әзірлеуге кірісті. Банктің бұрынғы таңбасы танымалдылыққа ие болмады, міне сол себепті банк өнімдерін сату біраз қиынға түсті. Сондықтан, нарықта танымалдылықтың және сенімділіктің қажетті деңгейін қалыптастыру мақсатында ре-стайлинг жасалды.
Жаңа стильді кім ойлап тапты?
Бұл Банк командасының креативті агенттікпен бірлесіп жасалған жұмысы. Процеске банктің көптеген қызметкерлері қатысты, нарыққа зерттеулер жүргізілді, сондай-ақ орасан зор жұмыс тәжірибесі мен ауқымды жобалары бар халықаралық агенттік тартылды.
Бұл процесс қанша уақытқа созылады?
Рестайлингтің операциялық қызметке еш қатысы жоқ, ол өзі біртіндеп жүреді. Кезең-кезеңімен бөлімшелердегі маңдайшалар, жарнамалық өнімдер, банкоматтар мен бөлімшелерді безендіру жүргізілетін болады.
«Береке» сөзі нені білдіреді?
«Береке» - қазақстандықтар үшін терең мағыналы сөз әрі ол жанұямен, үймен, әл-ауқатпен тікелей байланысты. Жаңа Bereke Bank әр клиентке қамқорлық пен ерекше көзқарас таныту арқылы оларды бақытқа, жетістікке, болашаққа деген сенім мен жарқын өмірге жетелейді. «Бәрі Берекелі болады» деп, Bereke Bank осыған кепілдік береді.
Логотиптің түстері мен пішіні нені білдіреді?
Брендтің сабақтастығын сақтау үшін біз жасыл түсті қалдырып, оған қою көк түсті қостық. Логотиптің қанық әрі тартымды түстері брендтің негізгі идеясымен үйлесім табады. Көк түс – сенімділік, тұрақтылық пен тепе-теңдіктің белгісі. Ал жасыл болса, қуанышты, сәттілік пен жетістікті, бақытты өмірді айшықтайды. Брендингте қолданылған әр элемент клиентімізге арналған қызметтердің бірлігі мен үйлесімін танытады.
Жаңашылдыққа бет бұруымыз клиентке бағытталған банк болуға деген ұмтылысымызды, амбициямызды айқындайды.
Клиенттер үшін не өзгереді?
Банк түрлі қаржылық шешімдер ұсынады. Осы мүмкіндіктерді клиентті қоршаған цифрлық әлеммен қиыстырып, оны ыңғайлы әрі жарқын өмірге жетелеу.
Қызметіміздің нәтижесінде клиенттеріміз қуанышқа, жетістікке, болашаққа деген сенім мен жарқын өмірге қол жеткізбек.
B-Bank және B-Business мобильді қосымшаларын қайта орнату керек пе?
Мобильді қосымшалар автоматты түрде жаңартылады, қажет болған жағдайда, оларды жаңартуға болады.
Рестайлинг бөлімшелердің жұмысына әсер ете ме?
Барлық бөлімшелер мен онлайн қызметтер қалыпты режимде жұмыс істейді, қандай да бір шектеулер болмайды. Қазір біз банк филиалдарының басымдықтарын мұқият зерттеп жатырмыз, нәтижесінде банк бөлімшелерінің клиенттер үшін қолжетімділігі артып, оларға қызмет көрсету барынша ыңғайлы болады. Филиалдық желідегі барлық өзгерістер мен жұмыс кестесі туралы Bereke Bank-тің ресми ресурстарында уақтылы хабарланады.
Банктің атауы немесе заңды атауы өзгере ме?
Жоқ, банктің атауы мен деректемелері өзгермейді.
Мен карталарды қайта шығаруым керек пе және келісімшарттарды қайта жасауым керек пе?
Клиенттерге карталарды қайта шығарудың немесе құжаттарға қайта қол қоюдың қажеті жоқ. Bereke Bank барлық қызметтерді толық көлемде және қалыпты режимде ұсынады. Карталар жаңа бренд стиліндегі карталарға біртіндеп көшіріледі.
Рестайлинг банк акционерін ауыстырумен немесе банкті сатумен байланысты ма?
Жоқ, бұл өзгерістердің банкті сатумен немесе қандай да бір мәмілемен ешқандай қатысы жоқ. Bereke Bank акционері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан Қазақстан Үкіметі болып табылады.
Егер банк сатылмаса, не себепті рестайлинг жасалды, бұл қымбат қой?
Жаңа стильге көшу көп инвестицияны қажет етпейді. Айдентиканы өзгерту бойынша барлық жұмыс бұрын бекітілген бюджеттер мен жол картасы аясында жүргізіледі.
Банк сатылған жағдайда жаңа акционер қайта ребрендинг жасай ала ма?
Кез-келген инвестор Банктің мықты жақтарын, жағдайын және елді ескереді. Кез-келген бизнесте инвесторлар бірінші кезекте нарық пен қажеттілікті зерттейді. Біз қазірдің өзінде клиенттік зерттеулер жүргіздік және зерттеу жүргізу кезінде банктің басымдықтары мен клиенттеріміздің мүдделеріне назар аудардық. Рестайлинг зерттеу нәтижелері мен клиенттердің мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылады. Әрине, инвестор өз өзгерістерін жасауға құқылы, бизнеске қызығушылық танытқан инвестор үшін жүргізілген рестайлинг тек артықшылық болып табылады.
Рестайлинг аясында ұтыс ойындары өткізіле ме?
Иә, Bereke Bank Tik -Tok әлеуметтік желісінде hastag challenge-ді өткізеді.
Қатысу үшін:
- #BerekeBank # БәріBerekeліболады хэштегтерін және масканы қолданыңыз
- Маскамен видео жазып алып, онымен өз аккаунтыңызда бөлісіңіз
Екі апта сайын Facebook, TikTok және @berekebank Instagram тікелей эфирінде үздік атанған ең әсерлі 10 видео іріктеліп, әрбір жеңімпаз Bereke bank-тен 100 000 теңге көлемінде бонус алады!
Жеңімпаздардың есімдері немесе аккаунттары тікелей эфирде жарияланады (өткізу күндері Bereke Bank беттерінде жарияланады). Дегенмен, егер сіз конкурсқа қатыспаған болсаңыз, бірақ сізге жеңімпаз атанғаныңыз туралы хабарлаған болса, сізден мұқият болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді сұраймыз. Есіңізде болсын, Банк пен оның қызметкерлері жеке деректерді сұрамайды, бейтаныс адамдармен хат алмасу арқылы сілтемелер бойынша өтпеңіз және күдікті сайттарға жеке ақпаратты енгізбеңіз.