Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Атаулы купондық реттелген облигациялар шығару

«Bereke Bank» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің KZ2C00009934 халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) берілген, сомасы 40,0 млрд теңге Банк облигацияларының 2023 жылғы 10 шілдедегі Үшінші облигациялық бағдарламасының аясындағы атаулы реттелген купондық қамтамасыз етусіз облигациялардың төртінші шығарылымын мемлекеттік тіркеуі туралы хабарлайды.  

Облигацияларды шығару проспектімен және өзге ақпаратпен эмитенттің орналасқан жері бойынша танысуға болады:  Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық  ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 13/1 үй.

Байланысушы тұлға - Қазынашылық басқармасының директоры Лаптиев Ю.  А.

  1)

Облигациялар түрі:

Атаулы реттелген купондық қамтамасыз етусіз облигациялар 

2)

Бір облигацияның номиналды құны (егер бір облигацияның номиналды құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналды құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі) 

1,0 (бір) теңге

3)

Шығарылатын облигациялар саны

40 000 000 000 (қырық миллиард) дана 

4)

Облигациялар шығарылмының жалпы көлемі:

40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге 

5)

Облигациялар бойынша негізгі сыйақы және болған жағдайда, қосымша сыйақы мөлшерлемесінің өлшемі.

 

Облигацилар бойынша сыйақы мөлшерлемесі айналыстың бүкіл мерзіміне тіркелген болып табылады және облигацияның номиналды құнының жылдық 0,01% (нөл бүтін жүзден бір пайызды) құрайды.

 

Облигацилар бойынша қосымша сыйақыны төлеу көзделмеген.

6)

Сыйақы төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні 

 

Сыйақыны төлеу облигациялар айналысы басталған күннен бастап облигациялар айналысының бүкіл мерзімінің ішінде әр 12 (он екі) ай сайын, облигациялар айналысының бүкіл мерзімінің ішінде жылына 1 (бір) рет жүргізіледі. 

7)

Айналыстың басталу күні 

Облигацияларды «Қазақстан қор биржасы» АҚ  ішкі ережелеріне сәйкес орналастыру бойынша бірінші сауда саттық өткізілген күн облигациялар айналысының басталу күні болып табылады.   Бірінші өткізілген сауда-саттықты өткізудің қорытындылары бойынша айқындалған облигациялар айналысының басталу күні туралы ақпарат Эмитенттің ресми сайтында (www.berekebank.kz) және «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми сайтында (http://www.kase.kz) жарияланатын болады.

8)

Облигациялардың айналым мерзімі 

Облигациялар айналысы басталған күннен бастап 15.12.2032 ж. дейін, қоса алғанда (9 жылдан астам)