Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank мобильді қосымшасында МӘМС мәртебесін және ол бойынша жасалатын төлемдерді тексере аласыз

Енді медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі (сақтандырылған/ сақтандырылмаған) Bereke Bank мобильді қосымшасына енгізілді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесін тексеру бойынша қолжетімді тәсілдерді көбейту және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Енді сіз мұны Bereke Bank мобильді қосымшасында жасай аласыз.

Ол үшін мобильді қосымшаны жүктеп, авторизациядан өту керек, содан кейін «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «МӘМС» бөлімшесіне өтіп, ЖСН енгізу қажет. Мәртебемен бірге соңғы 12 айдағы төлемдер тарихы көрсетіледі.

Қосымшада «сақтандырылмаған» мәртебесі көрсетілген кезде, «Төлемдер» бөліміне өтіп, МӘМС жарналарын төлеуге болады.

«Bereke Bank-пен орнатылған серіктестікті қоса алғанда, ақпараттық арналарды кеңейту жарналарды уақтылы төлеп отыруға көмектеседі. Жалпы, бұл банк клиенттеріне МӘМС жүйесі аясында медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрайымының орынбасары Индира Саркенова.

Bereke Bank клиенттер барлық қажетті қызметтерді онлайн ала алуы үшін қызметтердің ыңғайлылығы мен сенімділігіне баса назар аудара отырып, қызмет көрсету сапасын арттыруға тырысады. Банк тиімділікті арттыра отырып әрі жаңа қызметтерді енгізу арқылы өз клиенттері үшін барлық қызмет көрсету арналарын үнемі жақсартып отырады.