Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

2025 жылғы 30 желтоқсаннан бастап Ресейге SWIFT жүйесі арқылы аударымдар уақытша қолжетімсіз болады

2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 18:00-ден бастап Ресейге SWIFT жүйесі арқылы реквизиттер бойынша аударымдар Bereke Bank мобильді қосымшасында және банк бөлімшелерінде уақытша қолжетімсіз болады.

Қызметтің жұмысы 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 09:00-де қайта қалпына келтіріледі.

Бұл шектеу мереке күндеріне байланысты енгізіледі, аталған кезеңде Ресей Федерациясындағы банктер шектеулі режимде жұмыс істейді.

Аударым жасаудың баламалы тәсілдері

Шектеу қолданылатын кезеңде Ресейге қаражат аударудың келесі баламалы тәсілдерін пайдалана аласыз:

• карта нөмірі бойынша аударымдар;

• «Золотая Корона» жүйесі арқылы аударымдар.

Мобильді қосымшаның жұмысындағы өзгерістер

• Ресейге SWIFT жүйесі арқылы реквизиттер бойынша аударым жасау қызметі уақытша қолжетімсіз болады.

• «Жиі» және «Тарих» бөлімдерінен аударымды қайталау мүмкіндігі қолжетімді болып көрінуі мүмкін, алайда көрсетілген кезеңде мұндай аударымдар іс жүзінде өңделмейді.

Ресейге SWIFT жүйесі арқылы реквизиттер бойынша барлық аударымдар 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 09:00-ден бастап қалыпты режимде қайта жүзеге асырылады.