Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы

«Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) жалғыз акционерінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.

«Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі – тәуелсіз директор болып Андрей Козляр сайланды.

Өзгерістерді ескере отырып, банктің Директорлар кеңесінің жаңа құрамы:
Андрей Козляр, Аль-Шариф Нассер Абдулла С. М., Петр Януш Качмарек, Андрей Игоревич Тимченко.

Андрей Козляр кәсіби қызметін 1999 жылы бастаған. Оның қаржы секторындағы стратегиялық жоспарлау және тәуекелдерді басқару саласында мол тәжірибесі бар. Әр жылдары GE Money Bank, Boston Consulting Group, OTP Banking Group, Vexcash сияқты халықаралық ұйымдарда жетекші қызметтер атқарған. Оның басшылығымен тұтынушылық несиелеу саласындағы тәуекелдерді басқару, андеррайтинг процестерін автоматтандыру және цифрлық трансформация бағыттарында ірі жобалар сәтті жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта Андрей Козляр Unex Bank, Moncrief Private Bank, Alba Bank, сондай-ақ 11FS Group және Ұлыбритания мен Еуропаның бірқатар басқа компанияларында атқарушы емес директор қызметін атқарады.