Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Акционердің және Банк атауының ауысуы туралы сұрақтарға жауаптар

1. Банктің жаңа атауы қандай?

Банктің жаңа атауы – «Bereke Bank» акционерлік қоғамы.

 

 2. Акционердің ауысуы банк жұмысына қалай әсер етеді?

Банк штаттық тәртіпте жұмыс істейді. Акционердің ауысуы санкцияға байланысты Банк жүргізетін операцияларға салынған шектеулерді алып тастауға ықпал етеді. Бұл банкке несиелеу, депозиттерді тарту, төлем карточкаларының жұмысын қайта қалпына келтіру және шетел валюталарында ақша аударымдарын жасау сияқты жиі жүргізілетін операцияларды толық көлемде қайта іске қосуға, сондай-ақ халыққа және бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді дамытуды ары қарай жалғастыруға мүмкіндік береді.

 

 3. Бұл клиенттерге қалай әсер етеді?

Тек оңтайлы ықпал етеді. Акционердің ауысуы банкке өз жұмысын толыққанды жаңартуға, ал клиенттерге Банктің қызметтері мен сервистерін пайдалануды жалғастыруға мүмкіндік береді.

 

 4. Менің ақшама/депозитіме не болады?

Банк қашан да салымшылардың қаражаттарын сақтауға арналған сенімді құрал болған және солай болып қалады. Санкциялар жағдайында шектеулі жұмыс режиміне қарамастан, банк өзінің барлық міндеттемелерін орындады. Қазіргі уақытта клиенттердің қаражаттары екі еседен артық бос өтімділікпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ банк – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің (ҚДКБҚ) қатысушысы.

 

 5. Менің карталарым жұмыс істейді ме?

Иә, қолданыстағы барлық төлем карточкалары мерзімдері аяқталғанға дейін штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырады.

Төлем карточкалары бойынша функционал Банктің банкоматтар, терминалдар желісінде картада көрсетілген қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін толық көлемде қолжетімді болады.

Төлем карточкасын қайта шығару қажет болған жағдайда, Банктің жақын орналасқан бөлімшесіне жүгініңіз.

 

 6. Жалақымды өзімнің картама ала аламын ба?

Иә, сіз өз жалақыңызды бұрынғыдай Банктің банкоматтар желісінен ала аласыз, сондай-ақ Банктің мобильді қосымшасында төлемдер мен ақша аударымдарын жасай аласыз.

 

 7. Менің несиеме не болады?

Қолданыстағы несие бойынша шарттар мен төлем кестесі өзгеріссіз қалады. Акционердің ауысуы бұрын жасалған шарттардың талаптарына әсер етпейді және тарапты қарыз бойынша қабылдаған міндеттемелерінен босатпайды.

 

 8. Ағымдағы/карточкалық шоттардан теңгеде/шетел валютасында ақша аудара аламын ба?

- Банктің шоттары арасында ұлттық валютада жасалатын ақша аударымдары шектеулерсіз жүргізіледі (мобильді қосымшада тәулігіне 4,2 млн теңгеге дейін).

- Қатысушылар арасында шұғыл аударымдар жүйесі (ШАЖ) арқылы карталарға/шоттарға телефон нөмірі бойынша аудару. Ақша аудару үшін қолжетімді: Jusan Банк, Еуразиялық, RBK Банк, БЦК, Forte Банк, Freedom Finance Bank, Касса 24.

- ҚР-дағы басқа ЕДБ-ға деректемелер бойынша ақша аудару штаттық тәртіпте жасалады (Forte Банк пен Jusan Банктен басқа).

- Сондай-ақ Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға карта нөмірі бойынша («Төлемдер» - «ТМД елдеріне» қосымша беті) тәулігіне 500 мың теңгеге дейін ақша аударуға болады (жеке тұлғалар үшін мобильді қосымшада).

 

 9. Ресей Федерациясына ақша аудара аламын ба?

РФ-ға төменде көрсетілген ақша аударымдарын жасай аласыз:

- РФ-дағы ЖАҚ-қа телефон нөмірі бойынша Р2Р;

- РФ-дағы Сбербанк ЖАҚ-та ашылған ресей рубльіндегі шот деректемелері бойынша жасалатын ақша аударымдары;

- Санкциялық тізімге енбеген РФ банктеріне ресей рубльіндегі шот деректемелері бойынша жасалатын ақша аударымдары.

РФ-ға карта нөмірі бойынша Р2Р аударымдары 10.03.2022 ж. бастап қолжетімсіз болады.

 

 10. РФ-дан ақша аударымдарын ала аламын ба?

Банк РФ-дан ақша аударымдарын қабылдайды.

 

 11. Шетел валютасында ақша аудара аламын ба (АҚШ доллары/ еуро)?

Қазіргі уақытта АҚШ долларында/ еурода ақша аудару қолжетімсіз.

 

 12. Клиенттерге несиелеу қызметі қашан қолжетімді болады?

Санкциялар алынып тасталғаннан кейін Банк экономика мен халықты несиелеуді қайта қалпына келтіруді көздеп отыр.

Жеке тұлғаларға Кепілді/Кепілсіз несиелер қолжетімді болады:

- Сенімгерлік несие (тұтынушылық);

- Автонесие (жаңа және ұсталған автокөлікті сатып алуға арналған);

- Жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы шұғыл қажеттіліктерге берілетін несие.

Сонымен бірге ішкі және сыртқы қарыздарды қосымша сома рәсімдеу арқылы және рәсімдемей, қайта қаржыландыру қызметтері қолжетімді болады. Банк мемлекеттік бағдарламаларға қатысу қайта қалпына келтірілгені жөнінде қосымша хабарлайды.   

 

 13. Банктің акционері ауысқаннан кейін тоқтатылған қызметтер (автонесие, Visa және Mastercard карталарының жұмысы, шетел валютасында ақша аудару және төлемдер жасау, эквайрингтік операциялар, Банктің терминалдары мен банкоматтарында басқа банктердің карталарының жұмысы) қайта іске қосыла ма? 

Иә, біртіндеп барлық қызмет іске қосылады. Біз бұрынғы қызметімізге барынша тез оралуға тырысамыз. Қызметтер қайта қалпына келтірілген кезде клиенттерге міндетті түрде хабарланады.

 

 14. Мен сіздің банкіңіздің қызметіне жүгінемінАкционер ауысқаннан кейін қандай да бір құжаттарға қайта қол қою, ағымдағы шарттарды қайта жасау қажет па

Жоқ, қолданыстағы шарттарды қайта жасау талап етілмейді.

 

 15. Мобильді қосымша жұмыс істейді меСмартфонға жаңа МҚ жүктеп алу қажет пе?

Сіз мобильді қосымшаның бұрын орнатылған нұсқасын, сондай-ақ веб-нұсқасын пайдалана аласыз.

 

 16. Акционер ауысқаннан кейін жеке тұлғаларға арналған мобильді қосымшаны App Store және Play Market арқылы жүктеуге немесе жаңартуға бола ма?

Қазіргі уақытта бұрын орнатылған қосымшаларды пайдалана аласыз. Жеке тұлғаларға арналған Android жүйесі базасындағы мобильді қосымшаны

iOS операциялық жүйесі бар клиенттерге қосымшаның Web нұсқасын пайдалануды ұсынамыз

 

 17. Мобильді қосымшада заңды тұлғаларға арналған операцияларды жасай аламын ба?

Заңды тұлғаларға арналған мобильді қосымша және оның барлық сервистері штаттық тәртіпте жұмыс істеп тұр.

 

 18. Заңды тұлғаларға арналған мобильді қосымшаны App Store және Play Market арқылы жүктеуге немесе жаңартуға бола ма?

Заңды тұлғаларға арналған Android жүйесі базасындағы мобильді қосымшаны мына сілтеме арқылы өтіп

Huawei үшін мобильді қосымшаны мына сілтеме арқылы өтіп

iOS операцялық жүйесі бар клиенттерге СберБизнестің Web Нұсқасын пайдалануды ұсынамыз

 

 19. Заңды тұлғаларға арналған сервис жеке компьютер арқылы қолжетімді бола ма? 

Иә, сервис бұрынғыдай мына сілтеме бойынша қолжетімді

 

 20. Банктің Орталық офисінің және оның филиалдарының мекенжайы өзгере ме? Банк өзінің аймақтардағы бөлімшелерін қысқартуды жоспарлап отыр ма?

Банктің Орталық офисінің және оның аймақтардағы филиалдарының орналасқан жері өзгеріссіз қалады. Мекенжайлар мен байланыс деректері көрсетілген ақпарат