Клиенттерге арналған ақпарат
Құрметті клиенттер!
Техникалық жұмыстарға байланысты 2024 ж. 31 қаңтарда клиенттерге есептік-кассалық қызмет Банктің кейбір бөлімшелерінде көрсетілмейді. Бұл бөлімшелердің тізімін МЫНА ЖЕРДЕН көруге болады.
Bereke Bank-тің және басқа да банктердің (осы банктердің тарифтеріне сай комиссиямен) ATM-банкоматтары арқылы қолма-қол ақша алуға және шотты толықтыруға болады. Сондай-ақ Bereke Bank-тің өз қалаңыздағы жақын орналасқан бөлімшесіне жүгіне аласыздар.
Естеріңізге салсақ, 1 ақпаннан бастап кейбір аймақтарда келушілер саны аз бірқатар бөлімшелердің жұмысы тоқтатылады, бұл бөлімшелердің клиенттері онлайн-арналар арқылы немесе банктің жақын орналасқан басқа да бөлімшелеріне жүгіну арқылы Bereke Bank-тен қызмет алуды жалғастыра алады.
Bereke Bank-тің онлайн-арналары кез келген уақытта қолжетімді. Банктік қызметтерді банктің онлайн-сервистері арқылы алыңыз.
Жеке тұлғаларға арналған «B-Bank» мобильді қосымшасын және кәсіпкерлерге арналған «B- Business» платформасын мына жерден жүктеп алуға болады:
Байланыс орталығының нөмірлері:
5030 – жеке тұлғалар үшін ұялы телефоннан
7744 – заңды тұлғалар үшін ұялы телефоннан