Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

«Bereke Bank» АҚ кредитті толық өтеу мүмкіндігімен «Кредитті 0-ге айналдыр» Ұтыс ойыны» акциясын іске қосты!

«Bereke Bank» АҚ-ы 2024 жылғы 22 шілдесі мен 22 қазаны аралығында өтетін «Кредитті 0-ге айналдыр» жаңа акциясының басталғанын қуана хабарлайды. Акцияға қатысу шарттары өте қарапайым: көрсетілген кезеңде Bereke Bank–те 8 миллион теңгеге дейінгі сомаға кепілсіз кредит ресімдейтін клиенттер автоматты түрде бірегей мүмкіндіктің - акцияның қатысушысы аталады. Акцияға ҚР резиденті болып табылатын 21 жасқа толған жеке тұлғалар қатысады.

Акцияға қатысушы үшін кредит алу шартына қол қойып, «Bereke Bank» хабарламасын күту қажет. Кредит алғаннан кейін 72 сағат ішінде ұялы телефоныңызға SMS және мобильді қосымшаңызға ұтыс ойынына қатысқаныңызды растайтын push-хабарлама келіп түседі.

Кредиттік қаражаттың әрбір 100 000 (жүз мың) теңгесі 1 (бір) балға тең, бұл өз кезегінде жеңімпаз таңдалатын банктік қарыз шарты (бұдан әрі – БҚШ) тізіміндегі нөмірлер санына тең. Мысалы, 6 500 000 теңге үшін 65 балл беріледі, яғни БҚШ ұтыс ойынына қатысушылар тізімінде 65 рет кездеседі.

Акция кезінде үш ұтыс ойыны өтеді, өтетін күндері:

1-ші ұтыс ойыны: 30.08.2024 ж.

2-ші ұтыс ойыны: 01.10.2024 ж.

3-ші ұтыс ойыны: 08.11.2024 ж.

Әрбір ұтыс ойынында негізгі сыйлық ойнатылады — кредиттің негізгі қарызы толық өтеледі. Акция барысында барлығы үш сыйлық қарастырылған.

Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау Банктің @berekebank Instagram-дағы ресми парақшасында тікелей эфирде кездейсоқ сандар генераторының акцияға қатысушылардың БҚШ нөмірін кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асырылады. Жеңімпаздарды анықтау процесі бейнежазбаға түсіріліп, осы парақшаға тіркеледі.

Акция ережелері мен қатысу шарттары туралы толық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің ресми сайтында https://berekebank.kz/ru/personal/credits/onlinecredit сілтемесі арқылы өтіп, немесе Bereke Bank мобильді қосымшасында таныса алады.

«Кредитті 0-ге айналдыр» акциясына қосылу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз және кредитіңізді толық өтеу мүмкіндігін алыңыз! 

Бірінші ұтыс ойыны 30 тамызда өтеді!