Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Business және Bereke Bank мобильді қосымшаларында маңызды өзгерістер

Құрметті клиенттер!

«Bereke Bank» АҚ-ы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 105 Қаулысына сәйкес 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға арналған Bereke мобильді қосымшасында теңгемен аударымдарды орындағанда толтыруға қажетті қосымша өрістердің енгізілетінін хабарлайды.

Қосымша өрістер ISO 20022 жаңа халықаралық стандартына көшуге байланысты енгізілді. Бұл өзгерістер ақшаны аударуға және төлемдерді өңдеу процестерін жеңілдетуге және жақсартуға көмектеседі, сонымен қатар қаржы институттары арасында тиімді ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Bereke-Business-те толтыруға қажетті қосымша өрістерге назар аударамыз:

• Нақты төлеуші мен нақты (соңғы) бенефициар - егер сіз басқа адамға төлемдер жасасаңыз немесе ақша (соңғы) бенефициарға тікелей жіберілмесе, бұл өрістерді толтыру қажет. Егер нақты төлеуші мен нақты (соңғы) бенефициар сәйкесінше ақша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келсе, бұл өрістерді толтыру қажет емес.

• Резидент елінің коды — егер ақша жөнелтуші немесе алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, Резиденттің елін ҚР ұлттық жіктеуіне сәйкес екі әріптен тұратын код түрінде көрсету қажет ҚР ҰК ISO 3166-1-2016 «елдердің атаулары мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1 бөлім. Ел кодтары».

МАҢЫЗДЫ:

• Сіздің есептік жүйеңізге өзгерістер енгізу үшін (мысалы: 1С, SAP, MS Dynamics және т.б.) қажетті баптауларды орындау үшін осы жүйені қолдаумен айналысатын IT-мамандарға хабарласу қажет.

• Деректемелерді көрсетудің дұрыстығы үшін төлем/аударым жасайтын адам жауапты болады.

• Қосымша ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады: https://npck.kz/kz/standart-iso-20022/ (Ұлттық Төлем Корпорациясының сайтында)

Түсіністік пен ынтымақтастық үшін рахмет! 

Құрметпен, «Bereke Bank» АҚ