Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Маңызды ақпарат: ірі көлемдегі қолма-қол ақшаға Байланыс орталығы арқылы тапсырыс беру

Құрметті клиенттер!

«Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) сіздерге 5030 нөмірі бойынша Байланыс орталығы арқылы ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны алуға тапсырыс беру мүмкіндігі туралы қуана хабарлайды. Енді қажетті соманы жылдам әрі оңай алуға болады.

Клиенттер тапсырыс бере алатын қолма-қол ақшаның мөлшері:

• 5 000 000 (бес миллион) теңгеден басталатын сома;

• 10 000 (он мың) АҚШ доллардан, еуродан басталатын сома; 

• 1 000 000 (бір миллион) ресей рублінен басталатын сома.

Өтінім беру мерзімдері:

- теңгемен алғанда - шығыс операциясының болжамды күніне кемінде 1 жұмыс күні қалғанда;

- шетел валютасында алғанда - шығыс операциясының болжамды күніне кемінде 3 жұмыс күні қалғанда.

Шығыстарыңызды алдын ала жоспарлаңыз да, бізбен бірге уақытыңызды үнемдеңіз!

Қолма-қол ақшаны алу операцияларын жоспарлауда осы ережелерді ескеруді сұраймыз. 

*Сомалардың лимиттері 2025 жылғы 11 наурыздағы №041 бұйрықпен бекітілді.