Теңгедегі салымдар бойынша өтемақы төлеу қағидаларына өзгертулер
Назар аударыңыз! «Bereke Bank» АҚ барлық салымшыларына арналған ақпарат:
- Теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініш беру мерзімі 10.02.2023 ж. дейін ұзартылды.
- Бағдарламаға теңгеде ашылған депозиттері бар жеке тұлғалар қатысады;
- 10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) бір салымшыға оның теңгедегі барлық салымдарына 2022 жылғы 23 ақпандағы күннің соңындағы және 2022 жылғы 23 ақпанға дейін (қоса алғанда) қолданыстағы қалдық шегінде есептеледі.
- Салымшы қайтыс болған жағдайда қайтыс болғаны туралы растайтын құжатты 2023 жылғы 10 ақпанға дейін Банкке ұсыну қажет, бұл ретте өтемақы төлеу үшін өтініш беру талап етілмейді. Ары қарай мұрагерлерге өтемақыны төлеу мұраны қабылдағанын растайтын құжаттарды ұсынуы талабымен жүргізіледі.
Мұрагерге өтемақы төлеген кезде және мұрагердің дәл сол банкте салымы (салымдары) болған кезде осындай қатысушы банкте өтемақы қайтыс болған салымшыға және мұрагерге тиесілі салым (салымдар) бойынша бөлек-бөлек, бірақ қайтыс болған салымшының барлық салымдары бойынша жиынтығында 20000000 (жиырма миллион) теңгеден асырмай және осындай қатысушы банктегі мұрагерге тиесілі барлық салымдар бойынша жиынтығында 20000000 (жиырма миллион) теңгеден асырмай жүргізіледі.
Егер өтелетін депозиттің мерзімі өтіп кетсе және ұзартылмаса, бірақ 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2023 жылғы 1 қаңтар аралығын қоса алғандағы кезеңде жаңа салым ашылса, бұл салымға өтемақы төленеді.