Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank клиенттерге арналған цифрлық қызметтерін одан әрі жетілдіруде

Bereke Bank қашықтан қызмет көрсету жүйесін бірізді түрде дамытып, цифрлық платформалардың мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді. Банк клиенттерге қызмет алуды барынша жеңілдету үшін жаңа технологиялық шешімдерді енгізуде. Бүгінде клиенттердің басым бөлігі сервистердің әлемнің кез келген нүктесінен тәулік бойы (24/7) қолжетімді болуына байланысты онлайн форматты таңдауда.

Клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған жоспарлы жұмыстар аясында Bereke Bank бірқатар өңірлердегі бөлімшелердің жұмыс тәртібін қайта қарап, оны клиенттік белсенділік деңгейі мен қашықтан көрсетілетін қызметтерге деген сұранысқа сәйкестендіруде.

Осыған байланысты келушілер саны төмен кейбір бөлімшелердің жұмысы тоқтатылады. Дегенмен, аталған өңірлердегі клиенттер үшін банк қызметтерінің толық көлемі бұрынғыдай цифрлық арналар арқылы және өз қалаларындағы жақын орналасқан жұмыс істеп тұрған бөлімшелер арқылы қолжетімді болады.

Қазіргі таңда банк еліміздің барлық ірі өңірлерінде қызмет көрсетеді: 18 филиалы мен 58 бөлімшесі жұмыс істейді. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Клиенттер төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырып, банк өнімдерін рәсімдей алады, сондай-ақ мемлекеттік және қаржылық емес қызметтерді жеке тұлғаларға арналған «Bereke Bank» мобильді қосымшасы мен кәсіпкерлерге арналған «Bereke Business» платформасы арқылы пайдалана алады.

Қосымша ақпарат алу үшін:
5030 — жеке тұлғалар үшін
7744 — заңды тұлғалар үшін

ФҚБ атауы

Мекенжайы

№7 «Таң Шолпан»  ФҚБ

Ақтау қ., 15 шағын ауданы, 56 үй

№104 «На Сейфуллина»  ФҚБ

Алматы қ.,  Сейфуллин даңғылы, 498 үй

№105 «Алматы 1» ФҚБ

Алматы қ.,  Сейфуллин даңғылы, 180 үй

№25 «Silk Way»  ФҚБ

Астана қ.,  Қабанбай Батыр көшесі, 62

№30 Жеңіс  ФҚБ

Астана қ.,  Жеңіс даңғылы, 27 А

№10 «Абзал»  ФҚБ

Қарағанды қ.,  Бухар Жырау даңғылы, 50А

№1 «Привокзальный»  ФҚБ

Петропавловск қ.,  Сәтпаев көшесі, 38

№8 «Еуразия»  ФҚБ

Орал қ., Скоробогатого көшесі, 65/1

№4 «Даниэль»  ФҚБ

Өскемен қ.,  Абай даңғылы, 1/1

№5 «На Калдаякова»  ФҚБ

Шымкент қ., Қалдаяков көшесі, 4/14 ғимарат