Корпоративтік карталар туралы хабарлама
Құрметті клиент!
«Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank ЖШС (Public) ЕБ) (бұдан әрі – Банк) сізге келесіні хабарлайды:
Алдыңғы уақытта жасалған корпоративтік кредиттік картасына қатысты келісімшарт талаптарына сәйкес, сіздің атыңызға (ұйымыңыздың мүддесі үшін) карталық шот ашылып, корпоративтік кредиттік банктік карта берілген болатын.
Халықаралық санкциялардың енгізілуіне байланысты корпоративтік карталарға берілген кредиттік лимиттер жойылғаны туралы сізге алдын ала хабарланған еді.
Сонымен қатар, шығарылған банктік картаның жарамдылық мерзімі аяқталғанын да хабарлаймыз.
Карта мерзімі аяқталып, аталған карталық шоттағы ақша қаражаттарының ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз тұрғанын ескере отырып, банк осы шотты жабу туралы шешім қабылдады.
Серіктестігіңіз үшін рақмет.