Bereke Bank
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank Қазақстан бойынша QR-код арқылы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу сервисін іске қосты

2026 жылғы 19 шілдеден бастап Bereke Bank клиенттеріне Қазақстан Республикасы аумағында QR-код арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеуге арналған жаңа сервис қолжетімді болады. Бұл сервис банктің цифрлық қаржылық шешімдерді дамыту және клиенттер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы кезекті қадамы болды.

Банк банкаралық QR-төлемдерінің ұлттық жүйесіне қосылуының арқасында Bereke Bank клиенттері енді сатушы қай банктің клиенті екеніне қарамастан, банктің мобильді қосымшасы арқылы сатып алған тауарлар мен қызметтердің ақысын жылдам әрі ыңғайлы төлей алады.

Жаңа сервис QR-кодты сканерлеу арқылы заңды тұлғалардың пайдасына жылдам төлем жасауға мүмкіндік береді. Бұған дейін Bereke Bank клиенттері үшін QR арқылы төлем жасау мүмкіндігі қолжетімсіз болатын.

Төлем бірнеше секунд ішінде жүзеге асады:

  • • клиент Bereke Bank мобильді қосымшасын ашады;
  • • сатушының QR-кодын сканерлейді;
  • • төлем сомасын растайды;
  • • қаражат таңдалған картадан бірден есептен шығарылады.

Сервис күнделікті төлемдерді барынша ыңғайлы етуге арналған және клиенттерге қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың қарапайым, жылдам әрі қауіпсіз тәсілін ұсынады.

Сервистің негізгі артықшылықтары:

  • • клиенттер үшін комиссия – 0 теңге;
  • • төлемдер бірден орындалады;
  • • төлемді теңгедегі, АҚШ долларындағы және еуродағы карталармен жасау мүмкіндігі;
  • • қажет болған жағдайда валюта банк бағамы бойынша автоматты түрде айырбасталады;
  • • төлемді толық немесе ішінара қайтару мүмкіндігі;
  • • Қазақстан бойынша бірыңғай банкаралық QR-төлем тетігі.

Жаңа сервистің іске қосылуы Bereke Bank-тің заманауи цифрлық сервистерді дамытуға және клиенттердің күнделікті қаржылық операцияларын барынша ыңғайлы етуге деген ұмтылысын айқындайды. Ұлттық QR-инфрақұрылымына қосылу банк клиенттеріне Қазақстанның кез келген өңірінде тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеудің бірыңғай, жылдам әрі комиссиясыз тәсілін пайдалануға мүмкіндік береді.