ISO 20022 стандартына ауысу
Құрметті клиенттер!
Bereke Bank 13 қаңтардан бастап Қазақстанның басқа банктерімен қатар ISO 20022 қаржылық деректермен алмасудың халықаралық стандартына көшеді.
Бұл стандарт бизнес-процестерді автоматтандыру үшін құрылған және бүкіл әлем бойынша қаржы институттарымен белсенді түрде енгізіліп, қаржылық деректерді таратудың бірыңғай форматы мен құрылымын қамтамасыз етеді.
ISO 20022 стандартына көшу қаржы институттары арасында есептеулердің дәлдігін, жылдамдығын және қауіпсіздігін жақсартуға, сондай-ақ халықаралық контрагенттермен есептеулерді жеңілдетуге ықпал етеді.
Жаңа стандартқа көшу сәтінде банктің теңгемен орындалатын төлем құжаттары бойынша келесі тәртіптерді назарға алған жөн:
• 2025 жылғы 10 қаңтарда төлем құжаттары стандартты тәртіпте МТ форматында орындалуға қабылданады;
• 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап төлем құжаттары жаңа МХ форматында орындалуға қабылданады;
Халықаралық стандартқа көшу кезінде банк карталары бойынша жеке тұлғалар орындайтын төлемдер мен аударымдарға әсер етпейтінін атап өту маңызды. Банк клиенттері өздерінің төлем карталарымен есеп айырысуды, телефон нөмірі бойынша мобильді аударымдарды кедергісіз жүргізе алады және банкоматтардан қолма-қол ақшаны ала алады. Бұл операцияларды банк қалыпты тәртіпте әрі біртіндеп жүргізеді.
Бұл өзгерістер шетел валютасындағы төлемдерге де әсер етпейді.
Ал, заңды тұлғалар үшін жаңа стандартқа көшу төлемдерді рәсімдеу кезінде жаңа талаптарды сақтау қажет екенін білдіреді. Осы ретте, келесі тармақтарға назар аударамыз:
• төлем хабарламаларының жаңа стандартына «Нақты төлеуші», «Нақты алушы», «Резидент елінің коды» жаңа өрістері кіреді. Егер нақты төлеуші мен нақты (соңғы) бенефициар сәйкесінше ақша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келсе, бұл өрістерді толтыру қажет емес.
• «Резидент елінің коды» өрісі егер ақша жөнелтуші немесе алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса ғана толтырылады.