Bereke Bank
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық

Кредиттік карта (2024 жылға дейін шығарылған)

Қызмет көрсету мен өтеу тәсілдері туралы ақпарат

Кредиттік карта (2024 жылға дейін шығарылған)
Кредиттік карта қарызын өтеу тәсілдері
Ыңғайлы өтеу тәсілін таңдаңыз
1

Банкіңіздің қосымшасын ашып, аударымдар бөліміне өтіңіз

2

Шот нөмірі арқылы аударуды таңдап, Bereke Bank кредиттік картаңыздың 20 таңбалық шот нөмірін енгізіңіз

3

Соманы көрсетіп, аударымды растаңыз

1

Жақын орналасқан Bereke Bank банкоматты табыңыз

2

Басты экранда өтеу тәсілдерінің бірін таңдаңыз: «Кредитті өтеу» немесе «Картаны толықтыру»

3

Картаңызды ЖСН немесе карта нөмірі бойынша тауып, қажетті соманы енгізіңіз

1

Bereke Bank-тің жақын орналасқан бөлімшесіне хабарласыңыз

2

Қызметкерге берешекті өтегіңіз келетінін хабарлаңыз

3

Қажетті соманы енгізіп, чекті алыңыз

Сұрақ-жауап

Bereke қосымшасында кредиттік картаны таңдаңыз → Міндетті төлем. Оған қоса ай сайынғы төлем сомасын пуш-хабарлама мен СМС арқылы жібереміз

Bereke қосымшасында кредиттік картаны таңдаңыз → Кредит туралы ақпарат.

«Кредит туралы ақпарат» бөлімінде көрініп тұрады:

  • негізгі қарыз сомасы;

  • қосылған пайыздар;

  • комиссиялар;

  • өсімақылар;

  • мерзімі өткен берешек

Қосымшада карта көрінбей тұрса, қарызды білу жолдары:

  • қосымшада қарыз берешегі анықтамасын алу арқылы: Қызметтер → Кредиттердің құжаттары → Қарыз берешегі анықтамасы;

  • Bereke Bank-тің кез келген бөлімшесіне жүгіну арқылы.

Міндетті төлемді уақытылы енгізбесеңіз, мерзімі өткен берешек пайда болады.

Қарызды толық өтегенге дейін берешек сомасына сыйақы қосылып тұрады.

Оған қоса айыпақы қосылады — күн сайын мерзімі өткен төлем сомасының 0,25%-ы, бірақ шарттың мерзімінің әр жылына қарыз сомасының 10%-нан жоғары емес

Қарызды өтеу жолдары:

  • басқа банк шоты немесе картасынан кредиттік картаның 20 таңбалық шот нөміріне аударым жасау арқылы

  • Bereke Bank банкоматы арқылы

  • банк кассасында ақшалай. 

Толық өтегеннен кейін Bereke Bank бөлімшесіне жүгініп, картаны жабыңыз

Bereke қосымшасында кредиттік картаны таңдаңыз → Реквизиттер.

Қосымшада карта көрінбей тұрса, реквизиттерін білу жолдары:

  • қосымшада қарыз берешегі анықтамасын алу арқылы: Қызметтер → Кредиттердің құжаттары → Қарыз берешегі анықтамасы;

  • Bereke Bank-тің кез келген бөлімшесіне жүгіну арқылы

Анықтаманы алу жолдары:

  • Bereke қосымшасынан: Қызметтер → Кредиттердің құжаттары → Қарыз берешегі анықтамасы;

  • Bereke Bank-тің кез келген бөлімшесінен

Көшірмені алу жолдары:

  • Bereke қосымшасынан: кредиттік картаны таңдаңыз → Көшірме;

  • Bereke Bank-тің кез келген бөлімшесінен

Картаны бұғаттау жолдары:

  • Bereke қосымшасында: кредиттік картаны таңдаңыз → Қауіпсіздік → Бұғаттау;

  • Bereke Bank-тің кез келген бөлімшесінде;

  • телефон арқылы — 5030 контакт-орталығына қоңырау шалыңыз

Картаны жабу үшін, Bereke Bank-тің кез келген бөлімшесіне жүгініңіз.

Картаны жабу халықаралық төлем жүйелерінің талабына сай өтініш бергеннен кейін 45 күнге дейін уақыт алады