Кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге, кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге және мәліметтерді, соның ішінде дербес деректерді, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісімі
Мен,
1. Осы арқылы «Bereke Bank» АҚ-ға (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) (бұдан әрі – Банк) келесілерге өз келісімімді беремін:
- мен туралы ақпаратты, соның ішінде болашақта түсетін ақпаратты кредиттік бюроларға беруге;
- болашақта түсетін деректерді қоса алғанда кредиттік есептерді кез келген кредиттік бюроларға беруге және Банктің алуына.
- «Bereke Bank» АҚ-на (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) кепіл ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлік нысанын (бұдан әрі – Мүлік) бағалауға байланысты. Бағалаушыларға Мүлікті қарап шығуы үшін қол жеткізуді қамтамасыз етуге, Мүлікті фото мен видеоға түсіру мақсатында бағалаушылардың әрекеттеріне кедергі жасамауға міндеттенемін. Бағалаушылардың қызмет ақысын төлеуге және бағалау нысанын қарап шығу актісіне қол қоюға міндеттенемін.
2. Осы келісімді бере отырып, (1) Банктің https://berekebank.kz/kz/about/documents?main_cat=main_documents&sub=obrabotka-personalnih-dannih интернет-сайтында жарияланған Мәліметтерді, соның ішінде дербес деректерді және банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға, өңдеуге келісім талаптарымен (бұдан әрі - Талаптар) танысып шыққанымды, оның мәтінін түсінетінімді және онымен толық келісетінімді растаймын, (2) Банк Талаптармен танысып шығу үшін уақыт бергенін растаймын, (3) Талаптардың ережелерінде қарастырылған Талаптарды өзгерту тәртібімен келісемін, (4) осы Келісім мен Талаптар бірге Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мен туралы мәліметтерді, соның ішінде дербес деректерден, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісім болып табылатынын түсінемін.
«Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ)