Карталық аударымдар бойынша тарифтердегі өзгерістер
2026 жылғы 6 қаңтардан бастап Bereke Bank-те төлем карталарымен жекелеген операциялар бойынша тарифтер өзгеруде.
Келесі тарифтер алынып тасталады:
• «Клиенттің бір реттік тапсырмасы бойынша ағымдағы шоттан (төлем картасы бойынша) ақша аудару»,
• «Клиенттің тұрақты өкімі бойынша ағымдағы шоттан (төлем картасы бойынша) ақша аудару»
• «Үшінші тұлғалардың тапсырмасы бойынша ағымдағы шоттан (төлем картасы бойынша) ақша аудару»
Келесі тариф сақталады:
• «Клиенттің бір реттік тапсырмасы бойынша ағымдағы шоттан (төлем картасы бойынша) ақша аудару: бір клиенттің шоттары бойынша (кредиттік төлем карталарынан аударымдардан басқа) (KZT, шет. валютасы)»
Келесі тариф жаңа редакцияда жазылады:
• «Басқа желіде, оның ішінде басқа банктердің қашықтықтан қызмет көрсету арналарында жүзеге асырылатын төлем картасы деректемелері бойынша ақша аудару (KZT, шет. валютасы)»
Тарифтердің өзекті редакциясы Банктің ресми сайтында "Қызмет көрсету тарифтері мен шарттары" бөлімінде орналастырылатын болады.