Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Жеке тұлғалар бойынша проблемалық берешекті реттеу

Құрметті клиент!

Банк Сізден Шарт бойынша мерзімі кешіктірілген берешекті Банк осы хабарламаны жіберген сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде өтеуді талап етеді.

Банктің жоғарыда көрсетілген мерзімді күтпей, ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәртіпте Қарыз алушының, Қосалқы қарыз алушының, Кепілгердің Банктегі, өзге банктердегі, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы кез келген банктік шоттарын тікелей дебеттеу арқылы  кез-келген сомадағы кез-келген берешекті алу/есептен шығару (даусыз тәртіпте өндіріп алу) құқығы туралы хабарлаймыз;

Сіз осы хабарлама жіберілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде банкке келуге және (немесе) Заңның 61-бабының 2-тармағында айқындалған тәртіппен жазбаша нысанда мерзімін кешіктірудің туындау себептері, кірістер және Шарт талаптарына өзгертулер енгізілуін негіздейтін басқа да расталған жағдайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын банктік қарыз шартына өзгертулер енгізу туралы ұсынысы бар өтінішін ұсынуға құқылы екендігіне назар аударуыңызды сұраймыз.

Баяндалған талаптар орындалмаған жағдайда, Банк ҚР қолданыстағы заңнамасымен және Шарт (-тардың) талаптарымен Банкке берілген барлық құқықтарды қолдануға құқылы, оның ішінде:

  • берешекті сотқа дейін өндіріп алу үшін коллекторлық агенттікке беруді, Банк алдындағы Шарт (-тар) бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінуді және соттан тыс/сот тәртібімен қарызды қамтамасыз ету үшін кепілге салынған мүлікке осындай өндіріп алуды қолдануды және Сізді банкрот деп тануды (Қарыз алушы-жеке кәсіпкерге қатысты қолданылады) қоса алғанда, Қарыз алушыға/Қосалқы қарыз алушыға/Кепілгерге қатысты Шарттың (-тардың) және ҚР заңнамасының талаптарында көзделген шараларды қолдану туралы мәселені қарау.

Заңның талаптарына сәйкес қарыз алушы – жеке тұлға банктің қарыз алушының Шарт талаптарын өзгерту туралы өтініші бойынша шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе 30 күндік мерзімде шарт талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде бір мезгілде банкті хабардар ете отырып, банк омбудсманына жүгінуге құқылы екендігін хабарлаймыз.

Дауды сотқа дейін реттеу және Шарт бойынша туындаған берешекке байланысты мәселелерді реттеу бойынша нұсқаларды қолдану мүмкіндігін қарау мақсатында Банк Сіздің ұсыныстарыңызды қарастыруға дайын.

Бұл хабарлама дауды сотқа дейін реттеудің тиісті тәсілі екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.

Мерзімі кешіктірілген берешекті өтеуге қатысты туындаған мәселелер бойынша Сіз +7(727)250-00-60, телефон нөмірі бойынша жүгіне аласыз.


FAQ

 

Банк Қарыз алушыға қандай мерзімде мерзімнің кешіктірілуі туралы хабарлайды?

 

Банк Қарыз алушының міндеттемелердің орындалу мерзімін кешіктіргені және ол басталған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде Банктік қарыз шартында көрсетілген тәсілмен төлемдерді енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды.

 

Банктің қарыз алушының өтінішіне қатысты әрекеттері және банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімі

 

Банк қарыз алушы - жеке тұлғадан Банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістерді өтініш түскен күннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері бекіткен тәртіпте қарастырады, және қарыз алушы - жеке тұлғаға жазбаша нысанда немесе банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен келесілер туралы хабарлайды:
  • 1) банктік қарыз шарты талаптарына ұсынылған өзгертулерімен келісу жөнінде;
  • 2) банктік қарыз шарты талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстары жөнінде;
  • 3) бас тарту себептерінің дәлелді негіздемелерін көрсете отырып, банктік қарыз шарты талаптарын өзгертуден бас тарту жөнінде.

 

Кредитті қайта құрылымдау дегеніміз не?

 

Қайта құрылымдау - қолданыстағы банктік қарыз шарты талаптарына өзгерістер енгізу.

Қайта құрылымдау қарыз алушының қаржылық немесе әлеуметтік жағдайы нашарлаған немесе банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді өтеуде уақытша қиыншылықтарды растайтын басқа жағдайларда қолданылады.

 

Кредитті қалай қайта құрылымдауға болады?

 

Банк бөлімшесінде немесе Банктің мобильді қосымшасы арқылы Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін кешіктірудің туындау себептері, табыстар мен растайтын басқа жағдайлар (деректер) туралы мәліметтері бар өтініш бере аласыз.

 

Кредит төлемінің мерзімін қалайша кейінге шегеруге болады?

 

Сіз www.berekebank.kz сайтынан, Play Market және App Store қосымшалар тізімдемесінен қосымшаны алдын ала жүктей отырып, Банктің мобильді қосымшасы арқылы немесе Банк бөлімшесіне келіп, өз қарызыңыз бойынша ай сайынғы төлем мерзімін кейінге шегеру туралы өтініш бере аласыз.

 

Кредит мерзімін қалай ұзартуға болады?

 

Сіз өз қарызыңыз бойынша кредит мерзімін ұзарту туралы өтініш бере аласыз, ол үшін Банктің жақын орналасқан бөлімшесіне бару қажет.

 

Қарыз (кредит) бойынша мерзімін кешіктіру басталған кезде Банк талаптардың қандай өзгерістерін қарастырады?

 

  • 1) банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің азаю жағына өзгерту;
  • 2) шетел валютасымен берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгерту;
  • 3) негізгі қарыз және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;
  • 4) берешекті өтеу тәсілін немесе берешекті өтеу кезектілігін өзгерту, соның ішінде басым тәртіпте негізгі қарызды өтеу;
  • 5) банктік қарыз мерзімін өзгерту;
  • 6) мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешірумен, банктік қарызға қызмет көрсетумен байланысты тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) және өзге де төлемдердің күшін жою;
  • 7) "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген тәртіппен ипотеканың нысаны болып табылатын жылжымайтын мүлікті Кепіл берушінің дербес өткізуі;
  • 8) банкке (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) кепіл мүлкін табыстау арқылы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау орнына бас тарту төлемін ұсыну;
  • 9) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені сатып алушыға табыстай отырып, ипотека нысаны болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізу.

 

Қайта құрылымдау үшін өзіммен бірге қандай құжаттардың болуы қажет?

 

  • 1) жеке куәлік;;
  • 2) қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттар (жағдайға қарай):

 

2.1 Материалдық жағдайы нашарлаған, яғни, табыс мөлшері азайған, жұмысынан айырылған, болжанбаған шығындарға қаражат кеткен жағдайда (құжаттардың біреуі):

 

  • •жұмыстан шығару/қысқарту/ толық емес жұмыс күніне ауыстыру/ ақысы төленбейтін демалысқа жіберу туралы/ бұйрық/анықтама/еңбек шартына қосымша келісім/ келісім;
  • •жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын құжат;
  • •болжанбаған шығындарға қаражат кеткенін растайтын басқа құжат

 

2.2 декреттік демалысқа шыққан жағдайда:

 

  • •жұмыс орнынан декреттік демалыс беру туралы бұйрық және баланың туу туралы куәлігі

 

2.3 денсаулығы нашарлаған жағдайда:

 

  • •емдеу орнынан сырқаттың барын растайтын құжат;

 

2.4 Әскери қызметке шақырылған жағдайда:

 

  • •әскери қызметтен өткенін растайтын құжат және нотариалды куәландырылған сенімхат

 

Өтінішті қабылдаған сәтте растаушы құжаттардың қолданыс мерзімі құжатты берген/алған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс

 

  • 3) Банк қайта құрылымдау жүргізу туралы мәселені қарастыру үшін қажет басқа құжаттарды сұратуға құқылы

 

«Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатына кім жатады?

 

  • 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • 1-1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңiлдiктер жағынан оларға теңестiрiлген тұлғалар;
  • 1-2) өзге мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік әрекеттердің ардагерлері;
  • 2) бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
  • 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасылар;
  • 4) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен аурулардың тiзбесiне енгiзiлген кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын тұлғалар;
  • 5) зейнетақы жасындағы тұлғалар;
  • 6) жетім балалар, ата-анасынан кəмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде жасы міндетті әскери қызмет мерзіміне ұзартылады;
  • 7) қандастар;
  • 8) экологиялық апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде тұрғын үйлерінен айырылған тұлғалар;
  • 9) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
  • 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) тұлғалардың отбасылары;
  • 11) толық емес отбасылар.

 

Әскери қызметкерге қарызды қалай қайта құрылымдауға болады?

 

Қарыз алушы (мерзімді әскери қызмет өткеретін әскерге шақырылушы немесе әскери қызметші немесе оның сенімхат бойынша өкілі) әскери қызметшілерді шақыру немесе әскери қызмет өткеру дерегін растайтын анықтамаларды қоса банктік қарыз шарты талаптарын өзгерту туралы өтініш беру.

 

Қайта құрылымдау үшін комиссия бар ма?

 

7 500 тенге - банктік қарыз шарты талаптарын өзгерту үшін;

10 000 тенге - кепіл нысанасына ауырпалық салу талаптарын өзгерту үшін;

Егер банктік қарыз шартында басқасы қарастырылмаса.

 

БҚШ бойынша кестеге сәйкес төлем жасауды ұмытып кетсем, не болады?

 

Төлем мерзімін кешіктіру Сіздің кредиттік тарихыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Кредитті уақытылы төлеуді ұмытпаңыз. Кредит бойынша төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда, Банк банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұл, өсімпұл есептейді.

 

Қандай кредит "проблемалық" деп аталады?

 

Бастапқы банктік қарыз шартының талаптары 30 (отыз) күннен астам орындалмаған кредит.

 

Банкке өтініш беру арналары:

 

Проблемалық берешекті реттеу мәселелері бойынша Сіз:

– «Bereke Bank» АҚ Байланыс орталығына ұялы телефоннан 5030 нөміріне, қалалық телефоннан +7 (727) 250-30-20 нөміріне хабарласа аласыз;

post@berekebank.kz  электронды мекенжайына хабарлама жібере аласыз;

 

Жеке сот орындаушысы (ЖСО)

 

Уәкілетті орган берген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның негізінде заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы.

  

Шотқа тыйым салған ЖСО туралы ақпарат?

 

Борышкерлердің және шығуы уақытша шектелген борышкер болып табылатын жеке тұлғалардың, заңды тұлғаның лауазымды тұлғаларының бірыңғай тізілімінде сілтеме бойынша іздеу

 

Егер телефон нөмірі/тіркеу/тұрғылықты мекенжайы өзгерсе не істеу керек?

 

Сізге жеке басы туралы мәліметтерді жаңарту керек. Банктің жақын орналасқан бөлімшесіне жүгінуіңізді/ол туралы Банкке жазбаша хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Бөлімшелер мен филиалдар тізімі (проблемалық берешектері бар жеке тұлғалар үшін):

 

  • • Алматы қ. филиал, Әл-Фараби даңғ., 19 к3Б, 11 қабат
  • • Атырау қ. филиал, Құлманов к-сі, 119А
  • • Астана қ. филиал, Тұран к-сі, 13
  • • Ақтөбе қ. филиал, Әбілқайыр хан даңғ., 82А
  • • Шымкент қ. филиал, Адырбеков к-сі, 34 үй
  • • Қарағанды қ. филиал, Шахтерлер даңғ., 35/1
  • • Петропавл қ. филиал, Амангелді к-сі, 151А
  • • Ақтау қ. филиал, ш/а, 30А
  • • Қызылорда қ. филиал, Қорқыт ата к-сі, 23
  • • Семей қ. филиал, Қ.Мұхамедханов к-сі, 1
  • • Көкшетау қ. филиал, Абай к-сі, 86
  • • Өскемен қ. филиал, С.Нұрмағамбетов к-сі, 2
  • • Екібастұз қ. филиал, М.Әуезов к-сі, 15
  • • Павлодар қ. филиал, Торайғыров к-сі, 14
  • • Тараз қ. филиал, Абай даңғ, 120В
  • • Қостанай қ. филиал, Баймагамбетов к-сі, 166а
  • • Талдықорған қ. филиал, Абылайхан к-сі, 194а
  • • Орал қ. филиал, Мұхит к-сі, 27/4