Bereke Bank ALL IN карталар желісін кеңейтеді: енді клиенттерге Visa Rewards ALL IN қолжетімді
Bereke Bank дебеттік ALL IN карталар желісін толықтырып, жаңа Visa Rewards ALL IN картасын іске қосты. Енді клиенттер картаны Bereke Bank мобильді қосымшасында бірнеше минутта ашып, бірден пайдалана алады. Қалауыңызға қарай пластикалық нұсқасын банк бөлімшелерінен алуға болады.
Visa Rewards ALL IN картасының иелері Visa халықаралық төлем жүйесінің кең көлемді артықшылықтарына қол жеткізеді. Олардың қатарында өзекті ұсыныстар мен тиімді акциялар бар, мысалы:
• Booking.com арқылы саяхатқа жайлы шарттармен баспана брондау
• e Learning бағдарламасы арқылы онлайн-оқу және жаңа дағдылар меңгеру
• Marrone Rosso кофеханалар желісінде дәмді комплимент
• Rixos Hotels, Seafront Luxury Suites қонақ үйлерінде арнайы ұсыныстар
Visa артықшылықтарының толық тізімі мен өзекті акциялар Visa ресми сайтында қолжетімді.
ALL IN дебеттік карталар желісін дамыту арқылы Bereke Bank өз клиенттеріне күнделікті қаржылық операцияларда барынша ыңғайлылық, таңдау еркіндігі мен қосымша артықшылықтар ұсынуды жалғастырады.
Bereke Bank — әр күніңізді ыңғайлы, сенімді және тиімді етеді.