Bereke Bank бөлімшелерінің Жаңа жыл және Рождество мерекелері кезіндегі жұмыс кестесі
Құрметті клиенттер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл және Рождество мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл сіздерге молшылық, тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенім және жоспарларыңызды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер әкелсін. Сіздерге бейбіт өмір, зор денсаулық, қаржылық әл-ауқат және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
Банк бөлімшелерінің 2025 жылғы 31 желтоқсан, 2026 жылғы 1, 2, 3 және 7 қаңтар күндеріндегі жұмыс кестесімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар.
Қосымша ақпарат:
2025 жылғы 31 желтоқсанда Bereke Bank-тің барлық бөлімшелерінде:
• кассаларда қолма-қол ақша операциялары — 12:00-ге дейін (Астана уақытымен);
• қолма-қол ақшасыз операциялар — 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).
Астана қаласы SilkWay бөлімшесінде:
• 31.12.2025 — жұмыс уақыты 21:00-ге дейін, 14:00-ден бастап — тек клиенттерге кеңес беру;
• 1–3 қаңтар — тек клиенттерге кеңес беру.
Мереке күндері банк бөлімшелеріне баруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.
Bereke Bank-тің онлайн-арналары тәулік бойы қолжетімді екенін еске саламыз — сіз негізгі банк қызметтерін кез келген уақытта біздің цифрлық сервистеріміз арқылы пайдалана аласыз. Байланыс орталығы:
• жеке тұлғалар үшін (ұялы телефоннан) — 5030
• заңды тұлғалар үшін (ұялы телефоннан) — 7744
Құрметпен, Bereke Bank