Көру қабілеті нашар клиенттер үшін жаңа мүмкіндіктер
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, соның ішінде көру қабілеті нашар адамдарға қажетті жағдайлар жасау мақсатында қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі (экран дикторы) жобасын іске асырды.
Бұл жоба барлық пайдаланушылар үшін, соның ішінде көру қабілеті нашар адамдар үшін қолжетімді ақпарат жасауға бағытталған.
Сөйлеу синтезаторы біздің сайттағы мәтіндерді қазақ тілінде айтып қана қоймай, көру қабілеті нашар адамдар үшін маңызды ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Жобаны жүктеу, орнату және пайдалану бойынша нұсқауларды, сондай-ақ дауыс үлгілерін келесі сілтеме арқылы өтіп, https://screenreader.tilqazyna.kz/ ресми сайттан таба аласыздар.
НВДА үшін қазақ тілінде синтезатор қосымшасын орнату