Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank Алматы жартылай марафонына қатысты

Өткен демалыс күндері жыл сайынғы көктемгі жартылай марафонға 7660 спортшы мен әуесқой жүгіруші шықты.  Бұл алтыншы жартылай марафон, оған «Bereke Bank» АҚ-ның 27 қызметкері қатысты.

Жарыс аясында спортшылар мен әуесқой жүгірушілер 10 және 21 шақырым қашықтықты бағындырды, жарыс бағдарламасына скандинавиялық жүріс те кірді. 

Әлеуметтік жауапкершілік, салауатты өмір салтын және спорттық құндылықтарды насихаттау Банктің корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады.  Біздің әріптестеріміз өз үлгісімен спортпен айналысу тек өзін-өзі тәрбиелеу және еңбек ету ғана емес, бұл жеке жеңіс пен командалық рух екенін көрсетеді. 

«Бұл менің алғашқы жүгіруім, ол қабілеттерімді сынауға және қойған мақсатыма жетуге көмектесті.  Мен мәре сызығын кесіп өткеніме қатты қуандым, жарыс мені спортпен  белсенді айналысуға итермеледі.  Кез келген адам үшін қолдау маңызды, әріптестерімнің қасымда болғанына ризамын» — деп бөлісті Цифрлық банкті дамыту басқармасының бас маманы Анель Болатбаева.  

«Былтыр 10 шақырымды бір сағатқа жуық уақытта жүгірдім, кейін ынтамен жаттыға бастадым және биыл 45 минутта мәреге жету арқылы нәтижені айтарлықтай жақсарта алдым.  Спорттық іс-шаралар ынталандырады және қуат береді.  Қазір спорт мен үшін жай ғана әуесқойлық емес, бұл өмір салты.  Мен мүмкіндігінше көп адамның спортты жақсы көріп, денінің сау болғанын қалаймын» — деді «Транзакциялық банкинг және жинақтаулар» басқармасының бас менеджері Константин Тё.

Цифрлық банкті дамыту басқармасының Жоба жетекшісі Наргиз Сардарянның айтуынша, әрбір жарысқа жауапкершілікпен қарап, алдын ала дайындалу керек.  «Біздің Банк әрқашан әлеуметтік бастамаларға қатысады, мен біздің осындай белсенді командамыз болғанына қуаныштымын.  Мен марафонға үшінші рет қатыстым, бірақ әр жолы мен үшін үлкен сынақ, керемет қозғалыс және бұрынғыдай өте жарқын әсерлер.  Келесі жылы 21 шақырым қашықтыққа жүгіруді жоспарлап отырмын.»  - деп, Наргиз атап өтті.  

Біз өз спортшыларымызды мақтан тұтамыз, оларға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

Image 24 04 23 05 14

Img 20230425 W A0023

2870

Img 20230425 W A0011

Img 20230425 W A0010

Image 25 04 23 02 08