ЖТСМ
Минималды сома
Депозиттің мерзімі
Bereke қосымшасын жүктеп алыңыз да, бірден тіркеуден өтіңіз
"Жаңа өнімді ашу" батырмасын басыңыз және "Депозитті" таңдаңыз
Депозитіңізді басқа банктен аударым арқылы немесе Bereke Bank-тің кез келген банкоматы және Paydala терминалдары арқылы толықтырыңыз
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі |
* Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі |
| Мерзімі | 3, 6, 12, 24 ай |
| Валюта | теңге |
| Минималды сома | 5 000 теңге |
| Максималды сома | 10 000 000 000 теңге |
| Қосымша салымдар | қарастырылған. Салымның максималды сомасына дейін салынады |
| Ішінара ал | қарастырылмаған |
| Мерзімінен бұрын бұзу | қарастырылған. Мерзімінен бұрын қайтару 7 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Депозит бойынша сыйақы 0% қайта есептеледі |
| Ұзарту | қарастырылмаған. Салым сомасы сол валютада «Шешіп алуға болатын Bereke депозиті» мерзімді салымына 3 ай мерзімге орналастырылады. Салым Банкте осы салым түрі бойынша орналастыру күні қолданыста болған талаптар мен сыйақы мөлшерлемесі негізінде ресімделеді. |
| Сыйақыны есептеу | - ай сайын капиталдандырылады және Клиенттің ағымдағы шотына Салым мерзімінің соңында төленеді; - ай сайын Клиенттің ағымдағы шотына төленеді. |
| Сыйақы мөлшерлемелері «Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) еншілес банкі) активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі 17.06.2026 жылғы №29 шешімімен бекітілген (18.06.2026 ж бастап қолданысқа енгізілді) | |
| Номиналды сыйақы мөлшерлемесі |
|
| Мерзімі | 3, 6, 12, 24 ай |
| Валюталар | теңге |
| Минималды сома | 5 000 теңге |
| Максималды сома | 10 000 000 000 теңге(эквивалентінде) |
| Қосымша салымдар | салымның максималды сомасына дейін салынады |
| Ішінара алу | қарастырылмаған |
| Мерзімінен бұрын бұзу | қарастырылған. Депозитті мерзімінен бұрын қайтару 30 күнтізбелік күннен кейін жүзеге асырылады. Депозит бойынша сыйақы талап етілетін мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі |
| Ұзарту | 2025 жылғы 14 желтоқсанды қоса алғанға дейін ашылған салымдар бойынша - жүзеге асырылмайды. Cалым сомасы сол валютада «Bereke Табыс депозиті» мерзімді салымына 1 ай мерзімге орналастырылады. Салым Банкте осы салым түрі бойынша орналастыру күні қолданыста болған талаптар мен сыйақы мөлшерлемесі негізінде ресімделеді. 2025 жылғы 15 желтоқсаннан бастап ашылған салымдар бойынша салымның мерзімін ұзарту Банктің осы салым түріне қаражат қабылдауды тоқтату туралы шешімі қабылданғанға дейін сол мерзімге шектеусіз рет жүзеге асырылады. Салымның мерзімін ұзарту Банкте осы салым түрі бойынша мерзімін ұзарту күні қолданыста болған талаптар мен сыйақы мөлшерлемесі бойынша жүргізілед. |
| Сыйақыны есептеу | ай сайын капиталдандырылады және депозит мерзімінің соңында төленеді |
Сыйақы мөлшерлемелері «Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) еншілес банкі) активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі 17.06.2026 жылғы №29 шешімімен бекітілген (18.06.2026 ж бастап қолданысқа енгізілді) | |
Депозит бойынша пайыздар номиналды мөлшерлеме негізінде есептеледі және депозит шарттарына сәйкес есепке алынады.
Егер депозитте күнделікті капитализация қарастырылған болса (мысалы: «Күн Сайын»), пайыздар депозиттегі қалдық сомаға күн сайын есептеледі және жұмыс күндері депозитке түседі. Демалыс күндері үшін де пайыздар есептеледі, алайда олар шотқа келесі жұмыс күні аударылады.
Егер депозитте ай сайынғы капитализация қарастырылған болса (мысалы: толықтыру мүмкіндігі бар Bereke депозиті), пайыздар ай сайын есептеледі және оларды депозит мерзімі аяқталғаннан кейін алуға болады.
Капитализация — бұл «пайызға пайыз есептеу» дегенді білдіреді. Біздің Банктегі барлық депозиттер бойынша капитализация қарастырылған.
Мысалы: клиент ай сайынғы капитализациясы бар депозит ашты. Бірінші айдың пайыздары есептеліп, депозитке қосылды — депозит шотындағы сома ұлғайды. Екінші айда пайыздар тек бастапқы депозит сомасына ғана емес, бірінші айда алынған пайыздарға да есептеледі.
Номиналды мөлшерлеме — бұл келісімшартқа сәйкес депозиттегі қалдық сомаға тұрақты түрде есептелетін пайыз мөлшерін анықтау үшін қолданылады.
Тиімді мөлшерлеме (СЖТМ) — бұл номиналды мөлшерлемеге депозиттен есептелген пайыздарды алмай, депозитте қалдырған жағдайда алынатын қосымша сыйақыны қосқандағы көрсеткіш. Осылайша, тиімді мөлшерлеме капитализацияны ескере отырып, депозиттің ең жоғары мүмкін кірістілігін көрсетеді.
Біздің банкте депозиттердің бірнеше түрі бар:
- жинақтаушы депозиттері — депозит мерзімі аяқталғанға дейін қаражатты шешіп алуға болмайды, мұндай депозитке сыйақы есептелмейді;
- жинақтаушы емес депозиттер — депозит мерзімі аяқталмай тұрып, жинақталған сыйақыны жоғалтпай қаражатты шешіп алуға болады.
Жинақтаушы депозиттері бойынша мөлшерлемелер, әдетте, жинақтаушы емес депозиттерге қарағанда жоғары болады. Мөлшерлемелермен танысып, сыйақының алдын ала мөлшерін сайтта (https://berekebank.kz/ru/personal/deposits/bereke/) немесе депозитті қосымша арқылы рәсімдеу кезінде есептеуге болады.
Жинақтаушы емес депозиттер бойынша өзгермелі мөлшерлемелер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне байланысты.
Депозиттердің барлық түрлері бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) бекітеді: kdif.kz.
Депозитті мобильді қосымша арқылы немесе Банктің бөлімшелерінде ашуға болады.
Мобильді қосымшада:
Басты бетке кіріңіз → «Ашу» → «Депозит» бөлімін таңдаңыз да, өзіңізге қолайлы депозитті таңдаңыз.
Бөлімшеде:
Бөлімшелерде қолжетімді депозиттерді мобильді қосымша арқылы да ашуға болады. Алайда депозитті бөлімшеде ашу сізге ыңғайлы болса, біз сізге қуана көмектесеміз.
Бөлімшеде депозит ашу үшін қажетті құжаттар:
- Егер сіз Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз — жеке куәлік (түпнұсқа немесе электронды нұсқасы).
- Егер сіз шетел азаматы болсаңыз және біздің Банктің клиенті болсаңыз — жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (РФ азаматтары үшін — тек шетелдік паспорт).
- Егер сіз шетел азаматы болсаңыз және біздің Банктің клиенті болмасаңыз — келесі құжаттар топтамасы қажет:
- жеке басын куәландыратын құжат (РФ азаматтары үшін — тек шетелдік паспорт);
- ЖСН;
- қазақстандық ұялы байланыс операторының телефон нөмірі;
- eGov порталында тіркелгені туралы скриншот;
- еңбек шарты, оқу шарты немесе ҚР аумағында болу негізін растайтын басқа құжат;
- Банк қаражаттың шығу тегі туралы қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін.
Қаражатты депозитке салудың бірнеше жолы бар:
- мобильді қосымшада өз шоттарыңыз арасында қаражат аудару: «Аударымдар» → «Өз шоттарым арасында»;
- басқа банктегі өз шотыңыздан немесе картаңыздан қаражат аударып, кейін оны мобильді қосымшада өз шоттарыңыз арасында депозитке аудару;
- Банктің бөлімшесіндегі банкомат немесе касса арқылы қолма-қол ақша салу.
- Paydala терминалдары арқылы — толықтыру комиссиясыз. Бір клиенттің шотын тәулігіне толықтырудың ең жоғары сомасы 500 000 (бес жүз мың) теңгені құрайды. Қаражат бірден есепке алынады.
Біздің Банктегі депозиттер Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы сенімді түрде қорғалған.
Мемлекеттік кепілдік бойынша мүмкін болатын төлем мөлшері депозит түріне байланысты:
- теңгедегі жинақтаушы депозиттері — 20 миллион теңгеге дейін;
- теңгедегі жинақтаушы емес депозиттер — 10 миллион теңгеге дейін;
- шетел валютасындағы кез келген депозиттер — 5 миллион теңгеге дейін.
Депозиттен қаражат алу ережелері:
- депозит ашылған күннен бастап 15 күн өткен соң қаражатты комиссиясыз алуға болады;
- егер депозитті жаппай, тек қаражатты шешсеңіз — депозитте шартта көрсетілген ең төменгі қалдық қалуы тиіс;
- егер жинақтаушы депозитін мерзімінен бұрын жапсаңыз, қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 30 күнтізбелік күнге «бұғатталады», ал есептелген сыйақы 0,01% мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі;
- егер жинақтаушы емес депозитті мерзімінен бұрын жапсаңыз, қаражат бұғатталмайды және сыйақы толық көлемде есептеледі.
Қаражатты картаға немесе ағымдағы шотқа аудару тәсілдері:
- мобильді қосымшада өз шоттарыңыз арасында аудару: «Аударымдар» → «Өз шоттарым арасында»;
- Банктің бөлімшесінде аудару.
Қолма-қол ақша шешіп алу:
- 5 миллион теңгеге дейін — Банктің бөлімшесіндегі банкомат немесе касса арқылы;
- 5 миллион теңгеден жоғары — қаражатты бөлімшеде беруге дайындау үшін соманы 2 жұмыс күні бұрын тапсырыс беру қажет. Ол үшін Bereke Bank қолдау қызметіне байланысыңыз: байланыс орталығына қоңырау шалу немесе мобильді қосымшадағы чат арқылы.
Депозит мерзімі аяқталғаннан кейін оны жабуға немесе ұзартуға болады.
Депозитті тек жұмыс күнінде жабуға болады. Мысалы, егер жабу күні сенбіге түссе, депозитті дүйсенбіде жабуға болады — сол «артық» күндер үшін, қаражат депозитте болған күндерге банк сізге пайыз есептейді.
Депозиттер автоматты түрде жабылмайды — оларды қолмен мобильді қосымша немесе Банк бөлімшесі арқылы жабуға болады. Қосымшада депозитті жабу үшін депозит мәзіріне кіріп → «Жабу» түймесін басыңыз.
Егер депозитті жаппасаңыз, ол келесі күні автоматты түрде ұзартылып, барлық жинақталған қаражатпен жаңа депозит ашылады. Ұзарту ережелері депозит түріне байланысты, ол сіздің келісімшартыңызда көрсетілген.
Назар аударыңыз:
- жинақтаушы депозитін мерзімінен бұрын жабсаңыз, қаражат 30 күнтізбелік күнге «бұғатталады», ал есептелген сыйақы 0,01% мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес);
- жинақтаушы емес депозитті мерзімінен бұрын жабсаңыз, қаражат бұғатталмайды және сыйақы толық көлемде есептеледі.
Иә. Bereke Bank бұл мүмкіндікті өзінің ресми мобильді қосымшасы арқылы ұсынады.
Стандартты депозитке бастапқыда белгілі бір сома салынады. Алайда мақсат тек ақшаны сақтау емес, оны біртіндеп көбейту болса, толықтыру мүмкіндігі бар депозит тиімдірек шешім болады. Бұл формат шарттың қолданылу мерзімі ішінде шотқа тұрақты түрде қосымша қаражат енгізуге мүмкіндік береді: жалақының бір бөлігін, бонустарды немесе картадағы бос қаражатты аударуға болады.
Bereke Bank тұрақты жинақ жасауды, депозиттің икемді шарттарын және сыйақыны есептеудің ашық тәртібін бағалайтын клиенттерге қолайлы шешімдер ұсынады. Сіз өнімдердің өзекті параметрлерімен танысып, шарттарды салыстырып, жоспарланған толықтырулар негізінде күтілетін кірісті алдын ала бағалай аласыз.
Толықтыру мүмкіндігі бар депозит дегеніміз не?
Толықтыру мүмкіндігі бар депозит – ашылғаннан кейін оған қосымша қаражат салуға болатын депозиттік шот. Мысалы, клиент бастапқыда 300 000 теңге салып, кейін ай сайын тағы 50 000 теңгеден толықтырып отырады. Нәтижесінде сыйақы есептелетін сома да, жалпы жинақ көлемі де ұлғаяды.
Бұл өнімнің басты ерекшелігі – жинақтау қарқынын клиенттің өзі реттей алады. Бірден ірі соманы салудың қажеті жоқ. Қаражатты өзіңізге ыңғайлы мөлшерде және қолайлы уақытта біртіндеп толықтыруға болады.
Толықтыру мүмкіндігі бар депозит кімге қолайлы?
Бұл өнімді көбіне күрделі қаржылық құралдарды пайдаланбай-ақ жинақтау әдетін қалыптастырғысы келетін адамдар таңдайды. Мысалы, жалақы түскеннен кейін оның белгілі бір бөлігі автоматты түрде депозиттік шотқа аударылып отырады. Осылайша бірнеше айдың ішінде қомақты қаржы жиналуы мүмкін.
Толықтыру мүмкіндігі бар депозит мынадай жағдайларда өте қолайлы: автокөлік, жөндеу жұмыстары, білім алу немесе демалыс үшін қаражат жинау; қаржылық резерв қалыптастыру; бос қаражатты сақтап, оған сыйақы алу; тұрақты табысы бар жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес үшін резервтік капитал жинақтау.
Толықтыру мүмкіндігі бар депозиттің классикалық депозиттен айырмашылығы қандай?
Айырмашылығы өте қарапайым. Классикалық мерзімді депозитте бастапқы салынған сома өзгеріссіз қалады. Ал толықтыру мүмкіндігі бар депозитте клиент депозит мерзімі аяқталғанға дейін шотқа қосымша қаражат сала алады.
Мөлшерлеме, мерзім және толықтыру шарттары өнімге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір толықтыру мүмкіндігі жоқ депозиттер жоғарырақ номиналды мөлшерлемені ұсынады. Ал басқа жағдайларда жинақ өнімдері үшін қаражатты икемді түрде толықтыруға мүмкіндік беретін арнайы шарттар қарастырылған.
Депозитті толықтыру қалай жүзеге асады?
Клиент депозит ашады, бастапқы соманы енгізеді, содан кейін таңдалған өнімнің шарттарына сәйкес оны толықтырып отырады. Bereke Bank-те кейбір бағдарламалар бойынша ең төменгі бастапқы сома 5 000 теңгеден басталады, ал депозит мерзімі 3 айдан 24 айға дейін болуы мүмкін. Сыйақы шоттағы нақты қалдыққа есептеледі. Әрбір қосымша жарна депозиттен түсетін болашақ табысқа әсер етеді.
Депозитті ай сайын толықтыруға бола ма?
Көптеген клиенттер дәл осы мақсат үшін ай сайын толықтыру мүмкіндігі бар депозитті таңдайды. Мысалы, жалақы алғаннан кейін оның белгілі бір бөлігін депозитке тұрақты түрде аударып, жинағыңызды біртіндеп көбейтуге болады.
Дегенмен, нақты өнімнің шарттарын алдын ала зерделеген жөн. Кейбір депозиттерді мерзім бойы шектеусіз толықтыруға болады, ал кейбірінде толықтыру белгілі бір күнге дейін ғана рұқсат етіледі. Сондықтан депозит ашпас бұрын оны бүкіл мерзім ішінде толықтыру мүмкіндігі бар-жоғын нақтылап алған дұрыс.
Депозитті қалай толықтыруға болады?
Шотты бірнеше тәсілмен толықтыруға болады:
Bereke Bank мобильді қосымшасында өз шоттарыңыз арасында аударым жасау («Аударымдар → Өз шоттарыңыз арасында» бөлімі);
басқа банктен аударым жасап, қаражатты депозитке енгізу;
қолма-қол ақша қабылдау функциясы бар Bereke Bank банкоматтары арқылы;
банк бөлімшесінің кассасы арқылы;
Paydala терминалдары арқылы.
Bereke Bank банкоматтары мен Paydala терминалдары арқылы енгізілген қаражат, әдетте, банктің жұмыс күні ішінде автоматты түрде шотқа есептеледі. Банк бөлімшесінің кассасы арқылы салынған қаражат операция расталған күні есепке алынады. Банкаралық аударымдардың орындалу мерзімі жіберуші банкке және төлем жүйесіне байланысты болады, бірақ көп жағдайда бірнеше минуттан бір жұмыс күніне дейін созылады.
Табысты қалай есептеуге болады?
Депозит тұрақты түрде толықтырылып отырса, соңғы табыс тек сыйақы мөлшерлемесіне ғана емес, басқа да факторларға байланысты болады. Олардың қатарында толықтыру кестесі, депозит мерзімі және сыйақыны есептеу тәсілі бар.
Нәтижеге не әсер етеді?
Толықтыру мүмкіндігі бар депозит бойынша есептеу мынадай параметрлерге негізделеді:
бастапқы салым;
қосымша жарналардың мөлшері мен жиілігі;
депозит мерзімі;
сыйақы мөлшерлемесі;
ЖТСМ;
әрбір толықтырудың күні;
капиталдандырудың болуы;
мерзімінен бұрын жабу шарттары.
Мысалы, екі клиент те 12 ай мерзімге 500 000 теңгеден депозит ашады. Егер олардың біреуі қосымша қаражат салмаса, ал екіншісі ай сайын 50 000 теңгеден толықтырып отырса, мерзім соңындағы жинақ сомасы әртүрлі болады. Себебі сыйақы ұлғайып отырған қалдыққа есептеледі.
Толықтыру мүмкіндігі бар депозит калькуляторы
Алдын ала есептеу үшін Bereke Bank-тің толықтыру мүмкіндігі бар депозит калькуляторын пайдалануға болады. Бұл құрал әртүрлі депозиттік өнімдер бойынша болжамды соңғы қалдықты есептеуге мүмкіндік береді. Калькулятордағы есептеу нәтижелері тек ақпараттық сипатқа ие және жария оферта болып саналмайды. Нақты шарттар депозиттік келісімшартпен және банктің қолданыстағы мөлшерлемелерімен айқындалады.
Есептеу қағидаты
Толықтыру мүмкіндігі бар депозит бойынша сыйақы шоттағы ағымдағы қалдыққа есептеледі. Сондықтан әрбір толықтырудан кейін қалдық ұлғайған сайын болашақта есептелетін табыс та арта түседі.
Ай сайынғы сыйақы және капиталдандыру
Кейбір депозиттерде есептелген сыйақы ай сайын клиенттің шотына немесе картасына аударылады. Басқа өнімдерде ол негізгі сомаға қосылып, келесі кезеңде де сыйақы есептелетін базаға айналады.
Ай сайынғы сыйақы төлемі дегеніміз не?
Ай сайынғы сыйақы төленетін депозитте есептелген пайыз негізгі сомаға қосылмайды. Ол ай сайын клиенттің жеке шотына немесе төлем картасына аударылады. Мұндай нұсқа тұрақты қосымша табыс алғысы келетін адамдарға қолайлы.
Ай сайынғы капиталдандыру дегеніміз не?
Капиталдандыру кезінде есептелген сыйақы депозиттің негізгі сомасына қосылады. Соның нәтижесінде келесі кезеңде сыйақы ұлғайған қалдыққа есептеледі. Яғни уақыт өте келе есептелген сыйақы да қосымша табыс әкеле бастайды.
Нені таңдаған дұрыс: сыйақыны ай сайын алу ма, әлде капиталдандыру ма?
Егер депозиттен тұрақты табыс алып отыру маңызды болса, ай сайынғы сыйақы төлемі тиімді. Ал басты мақсат жинақты мүмкіндігінше көбейту болса, капиталдандыру тиімдірек болуы мүмкін.
Толықтыру және ішінара алу мүмкіндігі бар депозит: нені ескеру қажет?
Кейбір депозиттерді толықтыруға болады, бірақ олардан қаражатты ішінара алуға рұқсат етілмейді. Басқа өнімдерде белгілі бір ең төменгі қалдық сақталған жағдайда ғана қаражатты алуға мүмкіндік беріледі.
Депозит ашпас бұрын мына мәселелерге назар аударған жөн:
ең төменгі қалдықтың болуы;
қаражатты ішінара алуға рұқсат етіле ме;
мерзімінен бұрын жабу шарттары;
шарттар бұзылған жағдайда мөлшерлеменің өзгеруі.
Толықтыру және ішінара алу мүмкіндігі бар депозит пайдалануға ыңғайлы болғанымен, мұндай өнімдердің сыйақы мөлшерлемесі икемділігі жоғары болғандықтан төменірек болуы мүмкін.
Bereke Bank-те толықтыру мүмкіндігі бар депозитті қалай ашуға болады?
Алдымен Bereke Bank-тің ресми сайтынан өзіңізге қолайлы депозиттік өнімді таңдап, оның негізгі шарттарымен танысыңыз: мерзімі, толықтыру мүмкіндігі, капиталдандыру, мерзімінен бұрын жабу талаптары, сондай-ақ номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ).
Одан кейін депозит калькуляторының көмегімен болжамды табысты есептеп, өзіңізге қолайлы нұсқаны таңдай аласыз.
Bereke Bank депозитті мобильді қосымша, интернет-банкинг немесе банк бөлімшесі арқылы ашуға мүмкіндік береді. Ол үшін, әдетте, жеке куәлік пен қолданыстағы банк шоты қажет. Депозит ашылғаннан кейін шотты өз шоттарыңыз арасындағы аударымдар, банк кассасы, Bereke Bank банкоматтары немесе басқа қолжетімді арналар арқылы толықтыруға болады.
Жеке тұлғалардың депозиттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген шектерде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) арқылы қорғалады.