Ипотеканы өтеу үшін БЖЗҚ төлемдерін (БЗТ) пайдалану ережелеріндегі өзгерістер
2026 жылғы 17 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы №116 бұйрығына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЖЗҚ төлемдері) пайдалану ережелеріне өзгерістер күшіне енді.
Не өзгерді
БЖЗҚ төлемдерін енді тек ипотекалық қарыздың негізгі борышын өтеуге ғана бағыттауға болады.
Келесі төлемдер өз қаражатыңыз есебінен төленеді:
• есептелген сыйақы
• айыппұлдар мен өсімпұлдар (бар болса)
• мерзімі өткен берешек (бар болса)
• егер мерзімінен бұрын өтеуге өтініш беру күні жоспарлы төлем күнімен сәйкес келсе, кесте бойынша жоспарлы төлем
Қарыз сомасын қалай білуге болады
Мұны мобильді қосымша арқылы бірнеше минутта жасауға болады:
Қызметтер → Кредиттер бойынша құжаттар → Қарыз туралы анықтама
Сондай-ақ, банк бөлімшесіне немесе байланыс орталығына жүгіне аласыз.
Жаңа ережелер бойынша ипотеканы ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу тәртібі
1. БЖЗҚ қаражатын аударыңыз
Әдеттегі тәсілмен БЖЗҚ қаражатын негізгі қарызды өтеуге бағыттаңыз.
2. Хабарламаны күтіңіз
Қаражат түскеннен кейін сізге push-хабарлама немесе СМС келеді.
3. Банк бөлімшесіне өтініш беріңіз
Бұл уақытша шара техникалық тұрғыдан іске асыруға дейін қолданылады.
Хабарлама алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Bereke Bank бөлімшесінің кез келгеніне барып, ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу туралы өтініш беріңіз.
Құжаттарды рәсімдеуге үлгеру үшін 17:00-ге дейін барған жөн.
Бөлімшелеріміз картада: berekebank.kz/kz/offices
4. Шотты толықтырыңыз
Ағымдағы шотыңызда келесі төлемдерге жеткілікті қаражат болуын қамтамасыз етіңіз:
• есептелген сыйақы
• айыппұлдар мен өсімпұлдар (бар болса)
• мерзімі өткен берешек (бар болса)
• төлем кестесіне сай жоспарлы төлем — мерзімінен бұрын өтеуге берілген өтінім күні жоспарлы төлем күнімен бірдей болса
Қаражат қалай есептен шығарылады
Егер шотта жеткілікті қаражат болса:
• негізгі қарыз БЖЗҚ қаражаты есебінен өтеледі
• қалған міндетті төлемдер өз қаражатыңыз есебінен төленеді
Маңызды
Егер сіз БЖЗҚ қаражаты түскені туралы хабарлама алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Bereke Bank бөлімшесіне жүгінбесеңіз, қаражат қайтадан БЖЗҚ-ға қайтарылады.