Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Fitch Ratings Bereke Bank-ке тұрақты болжаммен «В+» деңгейіндегі рейтингті берді

2024 жылғы 14-ші қазанда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Bereke Bank-ке «Тұрақты» болжамымен «B+» дәрежесінде эмитенттің ұзақ мерзімді рейтингісін берді. Агенттік Банкті Rating Watch Negative бақылау тізімінен шығарды.

Fitch Ratings агенттіктің тарапынан Банктің рейтингісін қайта қарастыруы акционердің ауысуына байланысты жоспарлы жұмысы болып табылады, банктің жағдайы тұрақты, қандай да бір өзгерістер болмайды.

2024 жылғы 8 қазанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және Lesha Bank LLC (Public) «Bereke Bank» АҚ-ның 100% акцияларын сату мәмілесінің аяқталғаны жайында ресми жариялаған болатын. Банк акционерінің ауысуына байланысты Fitch Ratings-тің процедуралары бойынша эмитенттің рейтингісі қайта қарастырылады.

Bereke Bank-тің «B+» дәрежесіндегі рейтингісі мемлекет немесе акционер тарапынан көрсетілетін қолдауына емес, Банктің жеке кредиттік қабілеттілігіне байланысты беріліп отыр. Bereke Bank-тің тұрақты болжамы агенттіктің Банктің кредиттік профилінің негізгі факторлары тұрақты болады деген үмітін көрсетеді. Банк акциясының 100%-ын шетелдік инвесторға сату туралы мәміле аяқталғаннан кейін сарапшылар оны Rating Watch Negative бақылау тізімінен шығарды.

Бұдан бұрын агенттік сарапшылары Банктің ұзақ мерзімді рейтингісін «Тұрақты» болжамымен «BB» деңгейінде бағаланған болатын. Бұл бағаны беру кезінде «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ («BBB»/ «Тұрақты» болжамы) акционердің рейтингісі, әрі мемлекет тарапынан ықтимал қолдау негіз болған.

Bereke Bank-тің жағдайы тұрақты, Банк ай сайын пайда табады, барлық пруденциалдық нормативтерді орындайды және негізгі қаржылық көрсеткіштерді жақсарту бағытындағы жұмысын жалғастырады.

Бүгінгі таңда «Bereke Bank» АҚ активтердің мөлшері бойынша 9-шы орында және Қазақстанның Екінші деңгейдегі банктері арасында несие портфелінің мөлшері бойынша 7-ші орында. Банктің активтері 2 338 млрд теңгені, меншікті капиталы – 186 млрд теңгені құрайды.