Теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы
Ол үшін біздің Банктің кез келген бөлімшесінде өтемақы алуға өтініш беру қажет.
Естеріңізге сала кетейік, депозиттер бойынша өтемақы алу бағдарламасына 2022 жылғы 23 ақпан күнінің соңында қолданыста болған және 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғанға дейін шоттан алынбаған теңгедегі депозиттер қатысады.
Сыйлықақы 23.02.2022 жылдан бастап 23.02.2023 жылға дейінгі кезеңдегі салым бойынша 10%-ға көбейтілген, бірақ 2 млн теңгеден аспайтын ең төменгі қалдық ретінде есептелетін болады.
Өтемақы жеке тұлғаның Банктегі қолданыстағы банктік шотына аударылады.
Bereke Bank депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Бұл сіздердің салымдарыңыз ҚР заңнамасында белгіленген лимиттер шегінде азаматтар қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылғанын білдіреді.
Салым бойынша өтемақы алуға өтініштер 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қабылданатынын естеріңізге саламыз.