Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank-тен футболға жолдама ұтып алыңыз

Bereke Bank Mastercard-пен бірлесіп "Mastercard-пен футболға барайық" акциясын өткізетінін қуана хабарлайды. Бұл акция Bereke Bank-тің Mastercard карталарын ұстаушыларға Лондонда өтетін 2024 жылғы UEFA Champions League финалына екі адамға жолдама, сондай-ақ Mastercard және UEFA Champions League табыстайтын басқа да бағалы сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігін ұсынады.

Акцияға қатысу үшін Bereke Bank-тің Мastercard карталарын ұстаушылар 2024 ж. 15 ақпан-31 наурыз аралығында мобильді телефонды немесе ақылды сағатты пайдаланып сауда жасауы қажет. Mastercard картасымен жасаған барлық транзакцияның жалпы сомасы 200 000 теңге немесе одан да көп болуы тиіс. Яғни, акцияның әрбір қатысушысы бірнеше транзакция жасау арқылы осы соманы жинай алады.

 

Неғұрлым көп транзакция жасасаңыз, Лондонда өтетін 2024 жылғы UEFA Champions League финалына жолдама ұтып алу және Mastercard пен UEFA Champions League ұсынатын басқа да бағалы сыйлықтарға ие болу мүмкіндігіңіз соғұрлым жоғары. Акция Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.  

 

Жүлделер ұтыс ойыны акция аяқталғаннан кейін бір рет, нақты айтқанда, 2024 жылдың 8 сәуірінде өткізіледі. Жеңімпаздар Bereke Bank-тің Instagram-дағы ресми парақшасында тікелей эфирде www.random.org арнайы компьютерлік бағдарламасының көмегімен әр қатысушыға берілген реттік нөмірлерді кездейсоқ таңдау арқылы анықталады.  

Bereke Bank Mastercard карталарын ұстаушыларды "Mastercard-пен футболға барайық" акциясына қатысуға, сондай-ақ жоғары кэшбэк түрінде бонустар жинауға шақырады. Себебі бізден 30%-ға дейін кешбэк ала аласыз.   

Біз кешбэкті бонус түрінде есептейміз, оны біздің B-Bank мобильді қосымшамыз арқылы қызмет ақысын төлеуге пайдалануға болады немесе ақшаға аудара аласыз. B-Bonus+ бағдарламасына тегін қосылған кезде, сіз барлық саудаға 3% кэшбэк аласыз. Сондай-ақ біз такси мен жанармай құюға қосымша 10%-ға дейін қосымша кешбэк ұсынамыз. Ал Кино сервисі арқылы билеттер сатып алған жағдайда, сіз алатын кэшбэк 30%-ды құрайды.

«Mastercard-пен футболға барайық» акциясына қатысып, Bereke Bank-тен бонустар алыңыз!

Bereke Bank әр клиентпен ерекше әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, қолайлы жағдай жасауға тырысады. Бәрі Bereke-лі болады!

Mastercard 2 603+433 Kz