Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

«Бәйтерек» холдингі мен Lesha Bank LLC «Bereke Bank» АҚ акцияларының 100% сату бойынша мәмілені аяқтады

8 қазанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және Lesha Bank LLC (Public) «Bereke Bank» АҚ-ның 100% акцияларын сату мәмілесінің аяқталғаны жайында ресми жариялады. Келісімнің барлық шарттары тараптармен сәтті келісілді. Мәмілені қазақстандық реттеушілер, оның ішінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі барлық тұрғыдан мақұлдады.

«Bereke Bank» АҚ Қазақстанның ірі банктерінің қатарына жатады және клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады. Банк қазіргі клиенттері үшін өнімдер бойынша ағымдағы шарттарды сақтайды және өз қызметін коммерциялық әмбебап банк мәртебесінде жалғастырады. Қазіргі уақытта банк капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігі бойынша белгіленген нормативтерді сақтай отырып, тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

Акционер ауысқаннан кейін банктің нарықтағы позициясын одан әрі нығайту жоспарлануда. Жаңа акционердің келуімен екінші деңгейдегі банктер арасында бәсекелестіктің күшеюі, жаңа технологияларды енгізу және экономиканың нақты секторына кредит беруді дамыту күтілуде.

«Банкті сатып алу біздің инвестициялық портфельді нығайтудағы стратегиялық қадамды білдіреді және елдеріміз арасындағы байланысты нығайтады. Бұл біздің трансшекаралық мүмкіндіктерді дамыту және халықаралық нарықтарда қатысуды арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді көзқарасымызға сәйкес келеді», - деп атап өтті Lesha Bank басшысы Мохаммед Исмаил әл Эмади.

Lesha Bank Катар қор биржасында (QSE: QFBQ) тіркелген және банк операцияларын жүргізуге Qatar Financial Center Regulatory Authority лицензиясы бар. Банк инвестициялық банкинг және активтерді басқару саласында жұмыс істейді, Катар, АҚШ, Еуропа нарықтарында, сондай-ақ Таяу Шығыс аймағында өз қызметтерін ұсынады. «Bereke Bank» АҚ-ны сатып алу Қазақстан мен Катар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды қадам болып табылады, бұл Катардың Қазақстан Республикасына ұзақ инвестиция салу ниетін дәлелдеп отыр.

Дереккөздер:

Lesha Bank-тің ресми сайты https://www.leshabank.com/lesha_news/lesha-bank-completes-acquisition-of-bereke-bank-in-kazakhstan/ 

«Бәйтерек» Холдингінің ресми сайты https://baiterek.gov.kz/kk/pr/news/b-yterek-kholdingi-men-lesha-bank-llc-public-bereke-bank-a-ny-satu-m-milesin-aya-tady