Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Банктің атаулы купондық облигацияларының төрт шығарылымын тіркеу туралы

«Bereke Bank» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің KZ2C00010049, KZ2C00010056, KZ2C00010072 және KZ2C00010080 халықаралық сәйкестендіру нөмірлері (ISIN коды) берілген, әрқайсысының сомасы 100,0 млрд теңге Банктің Үшінші облигациялық бағдарламасының аясындағы 2023 жылғы 29 тамыздағы бір жылға дейін қамтамасыз етусіз атаулы купондық облигациялардың бірінші және екінші шығарылымын және 2023 жылғы 31 тамыздағы қамтамасыз етусіз атаулы купондық облигациялардың бесінші және алтыншы шығарылымын мемлекеттік тіркеуі туралы хабарлайды. 

Осы шығарылымдардың проспектімен, мәліметтерімен және өзге ақпаратпен эмитенттің орналасқан жері бойынша танысуға болады: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 13/1 үй.

Байланысушы тұлға - Қазынашылық басқармасының директоры Лаптиев Ю. А.

 

 

бір жылға дейін 1 шығарылым

бір жылға дейін 2 шығарылым

3- облигациялық бағдарлама аясында 5 шығарылым

3- облигациялық бағдарлама аясында 6 шығарылым

Облигациялар түрі, облигациялар саны және облигациялар шығарылымы жалпы көлемі

Атаулы купондық қамтамасыз етусіз облигациялар, саны 100 000 000 (жүз миллион) дана, шығарылымның жалпы көлемі 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге

Номиналды құны көрсетілетін валютаны көрсете отырып, бір облигацияның номиналды құны

1 000 (бір мың) теңге

Айналыстың басталу күні және облигациялардың айналыс мерзімі

Облигацияларды «Қазақстан қор биржасы» АҚ  ішкі ережелеріне сәйкес орналастыру бойынша бірінші сауда саттық өткізілген күн облигациялар айналысының басталу күні болып табылады. Облигациялар айналысының басталу күні туралы ақпарат «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми сайтында жарияланатын болады. 

Айналыс мерзімі  облигациялар айналысы басталған күннен бастап 30.06.2024 ж. дейін, қоса алғанда (6 айдан астам) 

Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі облигациялар айналысының бүкіл мерзіміне құбылмалы болып табылады.

Купондық сыйақының жылдық мөлшерлемесі 0,5% (нөл бүтін оннан бес пайыз) тіркелген маржаны шегерумен купондық кезеңде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің орташа мәні ретінде есептеледі:

K =     Σ  (БСi-3р.д/N)— 0,5%

K облигациялар бойынша бір купондық кезеңдегі купон мөлшерлемесі;

БСi-3р.д - i күнге дейін үш жұмыс күні бұрын әрекет ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі;

i купондық кезеңдегі күнтізбелік күндер;

n купондық кезеңдегі күндер саны.

Облигацилар бойынша қосымша сыйақыны төлеу көзделмеген.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені өзгерткен жағдайда, Эмитент облигациялар бойынша купон мөлшерлемесі өзгерген күнге дейін 2 жұмыс күнінен кешіктірмей облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің өзгергені туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушылардың назарына жеткізеді.

Эмитент аталған ақпаратты «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми сайтында хабарлама орналастыру арқылы облигацияларды ұстаушыларға жеткізеді.

 

Облигациялар бойынша сыйақы төлеу мерзімдері

Сыйақыны төлеу облигациялардың айналыс мерзімінің соңында.

Купондық сыйақыны төлеу облигацияларды өтеумен бір уақытта жүзеге асырылады.

Сыйақыны төлеу жылына екі рет тиісінше әр алты ай сайын, жыл сайын өтеу мерзіміне дейін жүргізіледі.

Соңғы купондық сыйақыны төлеу облигацияларды өтеумен бір мезгілде жүргізіледі.

31.03.2024 ж.

30.06.2024 ж.

30.09.2024 ж.

31.12.2024 ж.

Облигацияларды өтеу күні

Облигацияларды өтеу облигациялардың айналысы аяқталған күннен кейінгі қоса алғандағы күнтізбелік 10 (он) күннің ішінде жүргізіледі.