Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank бірегей дизайны бар премиалды карта шығарды

Bereke Bank бірегей дизайны бар премиалды карта шығарды

Mastercard World Elite премиалды карталары Bereke Bank клиенттеріне қайта қолжетімді. Карталардың дизайны ұлттық тарихтан бастау алады, ал карта иесі оны әлемнің кез келген нүктесінен басқара алады.

Bereke Bank-тің премиалды карталарын ұстаушылар үшін пластикалық карталар ерекше дизайнда әзірленді — Premier қызметтер пакетіндегі карталарда петроглифтер бейнеленсе, ал First қызметтер пакетіндегі карталарда қазақ көркем өнер символикасының негізінде жасалған және ерлер мен әйелдердің күш-жігерін суреттейтін арнайы ою-өрнек салынған.

Bereke Bank ұсынып отырған Mastercard World Elite премиалды карталары карта иесінің жоғары мәртебесін айшықтап, өмірін барынша жеңілдетеді. Bereke Bank премиалды карталарының иелері бүкіл әлемнің әуежайларында тегін бизнес-лаунж қызметіне, жеке консьерждік сервиске, роумингке, сейфтік ұяшықтарға, сондай-ақ карталарды пайдалану бойынша ең тиімді шарттарға ие болады. Сонымен бірге дүние жүзі бойынша қонақүйлер мен мейрамханаларда жасалатын жеңілдіктер мен комплименттер, қомақты соманы тегін шешіп алу және кешбэк бойынша ұсынылатын тиімді шарттар сияқты мүмкіндіктер беріледі.

Клиенттер үшін тағы бір артық тұсы, жоғары білікті маманның дербес қызмет көрсетуі, операцияларға берілетін ұлғайтылған лимиттер, бүкіл әлем бойынша қолма-қол ақша шешіп алу, жылдам төлемдер жүйесі арқылы және Қазақстан ішінде шот деректемелері бойынша банктің комиссиясынсыз ақша аудару.

Premier қызметтер пакеті бойынша 20 млн теңгеден жоғары салымыңыз болса, ал First қызметтер пакеті бойынша 100 млн теңгеден жоғары салымыңыз болса, карта бойынша қызмет көрсеткені үшін комиссия алынбайды.

Премиалды картаны ресімдеу үшін Bereke Bank-тің төменде көрсетілген тізімдегі бөлімшелеріне барып, жеке менеджерге жүгініңіз