«B-Bank-тегі бонус-ойын» Акция ережелері
«B-Bank-тегі бонус-ойын» акциясын (бұдан әрі – Акция) «Bereke Bank» АҚ, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген 20.09.2022 ж. №1.2.199/93/31 Лицензия, (бұдан әрі - Банк) 25.10.2023 ж. бастап 24.01.2024 ж. дейінгі кезеңде өткізеді.
Акцияға 18 жасқа толған және Банктің B-Bank мобильді қосымшасында тіркелген, Банк алдында мерзімі өткен берешегі жоқ Банк шығарған негізгі төлем картасын ұстаушылар қатыса алады.
Акцияға қатысу талаптары
Акцияға қатысу үшін қатысушының Банктің B-Bank мобильді қосымшасында өткізілетін «Меморина» бонус-ойнына қатысуы қажет.
Бонус-ойынның екі кезеңін сәтті өткен кезде Акция қатысушысына төмендегілер ұсынылады:
- Акция қатысушысы белгілі МСС-код бойынша төлем картасын (жоғарылатылған бонустар функциясы қосылған) пайдалана отырып, операция жүргізген кезде жоғарылатылған бонустарды алу құқығы. Жоғарылатылған бонустарды пайдалану және қолданыс мерзімі жөніндегі толық нұсқаулық B-Bank-тегі «Менің жүлделерім» бөлімінде орналасады.
*бонустарды, оның ішінде жоғарылатылған бонустарды ұсыну тәртібін талаптары Банк сайтында орналасқан Бейілділік бағдарламасы айқындайды.
Акция қатысушысының бонустық шотына жоғарылатылған бонустарды есептеу келесі айдың 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Меморина» бонус-ойнының механикасы
Акция қатысушыларына Акцияның өткізілу кезеңінде келесі әрекеттерді кезекпен жасау қажет:
- • Банктің B-Bank мобильді қосымшасына кіруді жүзеге асыру.
- • Бонус-ойын бетінде «Ойнау» батырмасына басып, Ережелермен танысқанын және келісетінін растау.
- • Ойынға қатысу. Ойын екі кезеңнен құралған, олардан сәтті өткеннен кейін Акция қатысушысы жоғарылатылған бонустарды алу мүмкіндігіне ие болады. Ойын алаңында бірде бір карта қалмаған кезде Ойын кезеңі сәтті өткен деп саналады.
- • Ойынның екі кезеңін сәтті өту. «Меморина» аптасына тек бір рет қолжетімді. Егер Қатысушы ойыннан өтпесе, бірақ қайтадан өткісі келсе, онда ол квиз сұрақтарына жауап беріп, қайтадан ойнай алады. Ары қарай таймер қосылып, бір аптадан кейін Ойын қайта қолжетімді болады.
Басқа талаптар.
Банк Ережелердің жаңа редакциясын жариялау арқылы хабарландырып, Акция талаптарына өзгертулер енгізуге құқылы. Банк қатысушыларға Акцияның өзгертілгені туралы маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдар ұсыну арқылы қосымша хабарлауға құқылы.
Қатысушылар Акция Ережелерімен, оның ішінде өзгертулер енгізілген жағдайда өз бетінше танысады. Акция қатысушысының Акция талаптарына сәйкес өзгертулер күшіне енген сәттен кейін әрекеттер жасауы қатысушының Акция Ережелерінің жаңа редакциясымен келісетінін білдіреді.
Банк телекоммуникациялық және энергетикалық желілерінде болған ақаулар, зиян келтіретін бағдарламалар, үшінші тұлғалардың арам пиғылды әрекеттері нәтижесінде өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Акция қатысушылары алдында жауапты болмайды.
Банк еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған жағдайда Акция қатысушыларын алдын ала хабарландырмай, өз жеке қалауы бойынша Акцияны өткізуді тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады.
Банк Акция қатысушыларының Акцияға қатысуына байланысты пайда болуы мүмкін ақшалай залалдардың, ұсталымдардың және өзге де кез-келген шығындардың орнын толтырмайды және қайтармайды.
Банк Акция қатысушысының әрекеттерін/әрекетсіздігін алаяқтық, арам ниетті және Акцияға қатысу талаптарын өзге де жолмен бұзатын деп таныған сәтте Банк мұндай Акция қатысушысына хабарламай және себептерін түсіндірмей бонустарды/жоғарылатылған бонустарды бермеу немесе Акция талаптарына сәйкес есептелген бонустардың/жоғарылатылған бонустардың күшін жою құқығын өзіне қалдырады.