Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық

Кредитке қызмет көрсету туралы ақпарат

Негізгі сұрақтарға жауаптар

Кредитке қызмет көрсету туралы ақпарат
Кредитті өтеу әдістері
Кредиті төлеудің ыңғайлы әдісін таңдаңыз
1

Егер Сізде жоқ болса, Bereke Bank картасын ашыңыз

2

Басқа банктің мобильді қосымшасында Bereke картасына аударымды таңдаңыз

3

Bereke мобильді қосымшасының басты бетінде өтелуі қажетті кредитті таңдап, «Төлемді төлеу» батырмасын басыңыз, ай сайынғы төлем сомасын есептен шығару шоты мен аудару шотын таңдап, «Аудару» батырмасын басыңыз. Сома кредитті төлеу күні есептен шығарылады

1

Негізгі экранда «Картасыз енгізу», ары қарай «Кредитті өтеу» таңдаңыз

2

Өзіңіздің ЖСН енгізіңіз, өтелуі қажетті кредитті таңдап, «Ай сайынғы төлемді төлеу» батырмасын басыңыз

3

Қажетті соманы енгізіп, «Аудару» батырмасын басыңыз. Төлем туралы чекті алуды ұмытпаңыз

1

Ең жақын бөлімді таңдаңыз

2

Менеджерге хабарласыңыз және ақшаны кассаға салыңыз

3

Кредитті төлеу туралы чек алыңыз

Мерзімі кешіктірілген берешектің пайда болғаны және дауды сотқа дейін реттеу туралы хабарлама


Банктің жоғарыда көрсетілген мерзімді күтпей, ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәртіпте Қарыз алушының, Қосалқы қарыз алушының, Кепілгердің Банктегі, өзге банктердегі, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы кез келген банктік шоттарын тікелей дебеттеу арқылы  кез-келген сомадағы кез-келген берешекті алу/есептен шығару (даусыз тәртіпте өндіріп алу) құқығы туралы хабарлаймыз.


Қарызгер осы хабарлама жіберілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде банкке келуге және (немесе) Заңның 61-бабының 2-тармағында айқындалған тәртіппен жазбаша нысанда мерзімін кешіктірудің туындау себептері, кірістер және Шарт талаптарына өзгертулер енгізілуін негіздейтін басқа да расталған жағдайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын банктік қарыз шартына өзгертулер енгізу туралы ұсынысы бар өтінішін ұсынуға құқылы екендігіне назар аударуыңызды сұраймыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Ең жылдам әрі қолайлы тәсіл — мобильді қосымшадағы «Төлем жасау» сервисі арқылы өтеу. Сонымен қатар, өзіңіздің ағымдағы шотыңызды толықтырыңыз, өтелу сомасы төлем кестесі бойынша автоматты түрде өзі шешіледі.

Маңызды: қаражат төлем кестесіндегі төлем күні кешіктірілмей, сағат 21:00-ге дейін енгізілуі қажет.

Мобильді қосымшадағы «Төлем жасау» сервисі:

  • Карталарыңызда төлемді жабуға жеткілікті қаражат бар екеніне көз жеткізіңіз.
  • Кредит мәзіріне кіріп → «Төлем жасау» тармағын таңдаңыз.
  • Шығатын соманы дебеттік картаңыздан жасау үшін оны таңдаңыз.
  • Ай сайынғы төлем сомасын енгізіп → «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

• Операцияны растаңыз.

Ақша кредитті өтеу үшін бірден ұсталады, төлем кестесі жаңарады. 

Ағымдағы шотты толықтыру:

  • Ағымдағы шотыңызды банкомат, банк кассасы немесе «Қазпошта» арқылы толықтырыңыз.
  • Немесе басқа Банктегі өз шотыңыздан ағымдағы шотқа ақша аударыңыз.
  • Төлем кестесі бойынша ағымдағы шоттан қаражат автоматты түрде ұсталады.
  • Егер төлем күні жұмыс күніне сәйкес келсе, ақша 21:00-ден 23:00-ге дейін ұсталады.
  • Егер төлем күні демалыс немесе мереке күндеріне түссе, ақша алдағы жұмыс күнінде 21:00-ден 23:00-ге дейін ұсталады және төлем кешіктірілген болып саналмайды.

Назар аударыңыз: кредитті өтеуге жұмсалатын қаражат дебеттік картадан тікелей ұсталмайды. Тек «Төлем жасау» сервисін пайдаланып немесе ағымдағы шотты толықтыру арқылы төлем жасауға болады.

Кредит бойынша ай сайынғы төлемді Bereke Bank қосымшасында қалай төлеуге болады?

Bereke Bank банкоматтары арқылы кредит бойынша ай сайынғы төлемді қалай төлеуге болады?

Басқа банктен аударым арқылы ай сайынғы төлемді өтеу үшін Bereke Bank шотын қалай толықтыруға болады?

Кредит бойынша жалпы қарыз сомасын жеке тұлғаларға арналған мобильді қосымшада көруге болады. Ол үшін «Кредиттер» мәзіріне өтіңіз. Өнімді таңдап, «Ерте төлеу» опциясын ашыңыз және «Мерзімінен бұрын толық өтеу» өтеу түрін таңдаңыз.  Мұнда сіз кредит бойынша қарыздың толық сомасын көресіз.

Бірінші төлем сомасы жоғары немесе төмен болуы мүмкін, себебі ол кредитті алған күннен бастап бірінші төлемге дейін өткен уақытқа байланысты.

Алдағы уақытта барлық төлемдер сомасы бойынша тең болады.

Ай сайынғы төлемді есептен шығару кесте бойынша өтеу күні жүргізіледі. Егер ай сайынғы төлем күні демалыс немесе мереке күніне түссе, онда ай сайынғы төлем одан кейінгі жұмыс күні тұрақсыздық айыбысыз және айыппұлдарсыз есептен шығарылады.

Bereke қосымшасында:

Менің өнімдерім => Кредит => Төлемдер кестесі.

Парақшада төлемді өтеу немесе өтеу қажеттілігі туралы ақпарат көрсетіледі. Ай сайынғы төлем сомасын нақты есептен шығару кестеге сәйкес өтеу күні жүргізіледі.

Егер ай сайынғы төлем күні демалыс немесе мереке күніне түссе, онда ай сайынғы төлем одан кейінгі жұмыс күні тұрақсыздық айыбысыз және айыппұлдарсыз есептен шығарылады.

Bereke қосымшасында:

Менің өнімдерім => Кредит => Төлемдер кестесі.

Кестені қағаз тасығышта алу үшін Банк бөлімшесіне жүгіну қажет.

Иә, кредит бойынша төлемді қарыз алушының ЖСН бойынша енгізуге болады:

1) Банктің банкоматтарында;

2) Банк бөлімшесінің кассаларында;

3) «Қазпошта» АҚ арқылы (комиссия - қабылданған төлем сомасының 1,2%);

4) Басқа банктегі картадан жіберушінің (қарыз алушының) шотына аударым жасау.

1. Қолданыстағы кредиттер болған кезде:

Bereke қосымшасында:

Менің өнімдерім => Кредит = > әрекеттер => Кредиттік берешектің бар екендігі туралы анықтама=> анықтаманы қалыптастыру үшін Тілді таңдау => Жүктеу => Кредиттік шарттың түрін таңдау.

Анықтаманы ұялы телефонға жүктеуге, мессенджер арқылы бөлісуге немесе электрондық поштаны пайдалануға болады

Толығырақ сілтемеде

2. Қолданыстағы Кредит болмаған кезде (болған жоқ/ өтелді):

Қызметтер => Кредит бойыншы құжаттар => Анықтаманы қалыптастыру үшін тілді таңдау => Жүктеу => Кредиттік шарттың түрін таңдау.

Анықтаманы ұялы телефонға жүктеуге, мессенджер көмегімен немесе электронды поштаны пайдалану арқылы бөлісуге болады.

Bereke қосымшасында:

Менің өнімдерім => Ипотекалық Кредит => Әрекеттер => Біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін анықтама => Анықтаманы қалыптастыру үшін тілді таңдау => Жүктеу.

Анықтаманы ұялы телефонға жүктеуге, мессенджер көмегімен немесе электронды поштаны пайдалану арқылы бөлісуге болады.

Толығырақ келесі сілтеме бойынша

Анықтаманың түпнұсқалығын тексеру үшін жоғарғы сол жақ бұрышта орналасқан QR кодты сканерлеу қажет, одан кейін Сіз ұқсас құжатты көре аласыз.

Ішінара алдын ала өтеу — бұл сіз ай сайынғы тұрақты төлемнен бөлек қосымша сома төлеп, келесі айлардың төлемдерін немесе кредит мерзімін қысқарта аласыз. Мұны жүзеге асыру үшін ай сайынғы төлем сомасына тең немесе одан жоғары қаражат енгізу қажет.

Ай сайынғы төлем сомасын қысқартуға арналған ішінара алдын ала төлеуді кез келген кредит бойынша комиссиясыз мобильді қосымшадағы кредит мәзірінде, банкоматтарда және Банк бөлімшелерінде жасауға болады.

Ал кредит мерзімін қысқартуға бағытталған ішінара алдын ала төлеу тәсілдері кредит түріне байланысты болады.

Bereke Bank мобильді қосымшасы мен банкоматтарында:

  • комиссиясыз — кепілсіз бір мөлшерлемесі бар кредиттер; кепілсіз екі мөлшерлемесі бар кредиттер (тек мерзімнің екінші жартысында)


Банк бөлімшелерінде:

  • комиссиясыз — кепілсіз бір мөлшерлемесі бар кредиттер; кепілсіз екі мөлшерлемесі бар (тек мерзімнің екінші жартысында)
  • 7500 теңге комиссиямен — жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген бір мөлшерлемесі бар кредиттер, тұрғын үй кредиттері және кейбір автокредит түрлері; жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген екі мөлшерлемесі бар кредиттер (тек мерзімнің екінші жартысында), тұрғын үй кредиттері және кейбір автокредиттер.


Екі мөлшерлемесі бар кредиттер бойынша кредит мерзімін қысқартуға бағытталған ішінара алдын ала төлеу тек мерзімнің екінші жартысында жүзеге асырылады.

 

Кредитті Bereke Bank мобильді қосымшасында мерзімімен бұрын қалай өтеуге болады?

Кредитті Bereke Bank АҚ банкоматтары арқылы мерзімімен бұрын қалай өтеуге болады?

 

 

Иә, Сіз мерзімінен бұрын ішінара өтеуді жүзеге асыра аласыз, Сіздің кредит бойынша төлеміңіз төмендейтін болады.

Bereke қосымшасында:

Менің өнімдерім => Кредит => Төлемдер кестесі.

Мерзімінен бұрын ішінара өтеуден кейін жаңа кесте автоматты түрде жаңартылады.

Сіз ақпаратты Bereke қосымшасында тексере аласыз.

Қызметтер => Сақтандыру => Менің полистерім.

Сізге тікелей сақтандыру компаниясына жүгіну қажет.

Өзіңізбен бірге:

- сақтандыру полисі (Сақтандыру шарты) түпнұсқа /көшірме;

Сақтандыру полисін мобильді қосымша арқылы жүктеп алуға болады:

Қызметтер  => Сақтандыру  => Менің полистерім  =>  Кредит түрі бойынша таңдау  =>  Құжаттар  =>  Сақтандыру полисін қарау  =>  Жүктеу

- жеке басын куәландыратын цифрлық құжат;

-Bereke қосымшасы арқылы қалыптастыруға болатын несиелік берешектің жоқтығы туралы анықтама болу керек:

Қарыздық берешектің жоқтығы туралы анықтаманы мобильді қосымша арқылы жүктеп алуға болады: 

Қызметтер  =>   Кредиттер бойынша құжаттар  =>  Анықтаманы қалыптастыру тілін таңдау  =>   Жүктеу  =>  Кредит шартының түрін таңдау.

Сіз анықтаманы ұялы телефонға жүктей аласыз немесе мессенджер көмегімен немесе электронды поштаны пайдалану арқылы бөлісе аласыз;

- ақша қаражатын аударуға арналған банктік шот деректемелері.

1. Банк бөлімшелерінде (7500 теңге Банктің комиссиясы бар).

Ай сайынғы төлем күнін өзгерту талаптары:

  • ай сайынғы төлем күнінен кейінгі келесі күннен бастап ағымдағы айдың соңына дейін қолжетімді; 
  • таңдауға болатын күндер - 01-ші күннен 20-шы күнді қоса алғандағы күнге дейін, бұл ретте соңғы ай сайынғы төлем күнінен жаңа ай сайынғы төлем күніне дейінгі аралық кемінде 15 күн болуы тиіс; 

1 (бір) күнтізбелік жылда 3 реттен артық емес; 

Ай сайынғы төлем күнін өзгертуге келесі жағдайларда жол берілмейді:

  • кредит бойынша қолданыстағы мерзімін кешіктіру болған;
  • кредит бойынша қолданыстағы мерзімін кейінге шегеру болған;
  • кесте бойынша 1 төлем қалған; 
  • кредит «7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» өнімі және «Нарықтық ипотекалық өнім» («Баспана хит») субөнімі бойынша немесе «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кредиттер туралы ақпарат кредиттік бюроға 10 жұмыс күні ішінде бір реттен жиі емес жіберіледі. Сіз өзіңіздің кредиттік тарихыңызды www.egov.kz сайтында, сондай-ақ

Сіздің қалаңыздағы ХҚКО-дан тексере аласыз. Сонымен қатар Сіз несиелік берешектің жоқтығы туралы анықтаманы Bereke мобильді қосымшасында ала аласыз:

Қызметтер => Кредит бойыншы құжаттар => Анықтаманы қалыптастыру үшін тілді таңдау => Жүктеу => Кредиттік шарттың түрін таңдау. 

Анықтаманы ұялы телефонға жүктеуге, мессенджер көмегімен немесе электронды поштаны пайдалану арқылы бөлісуге болады.

Ия, мүмкін. Ол үшін Банк бөлімшесінде өтініш беру қажет. Қорытынды шешімді Банктің уәкілетті органы қабылдайды. Комиссия Банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес төленеді.

- Егер автокредит кредиттің аяқталу мерзіміне дейін толық өтелсе, көлік ауыртпалығы кредит мерзімінен бұрын толық өтелгеннен кейін бірден алынады.

- Егер автокредит кредиттің аяқталу мерзімінде толық өтелсе, көлік ауыртпалығы кредит өтелгеннен кейін келесі күні алынады.

Көлік ауыртпалығын Банктің мобильді қосымшасы арқылы алып тастауға болады

Bereke мобильді қосымшасында автокөліктен ауыртпалықты қалай алуға болады?