Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank-тің акционерінің ауысуы - сұрақтар мен жауаптар

1. Акционердің ауысуы Bereke Bank-ке қалай әсер етеді?

Акционердің ауысуына байланысты Банктің клиенттер алдындағы міндеттемелері өзгермейді.

Бұдан бұрын Банктің жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық Холдингі «Сбербанк Қазақстанды» сатып алғаннан кейін Банктің қызметін қалпына келтіру жөнінде және оны болашақта сенімді инвесторға сату жайындағы жоспарын жариялаған болатын. Акционерді ауыстыру мәмілесі Банкті нарыққа және бәсекелестік ортаға қайтару Бәйтерек-тің жоспарын жүзеге асырудың кезекті кезеңі болып табылады. Жаңа акционердің келуімен Банк нарықтағы өз жайғасымын одан әрі нығайтуды көздеп отыр.

Акционердің ауысуы Банктің клиенттер алдындағы міндеттемелеріне еш әсері жоқ. Банктің қолданыстағы өнімдері мен қызметтердің шарттары өзгеріссіз қалады және барлық қызметтер толық көлемде қолжетімді болады. Клиенттердің ақшасы сенімді қорғалған, шоттар мен операциялар кез-келген уақытта қолжетімді. Bereke Bank Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысады.

2. Банктің мәртебесі өзгере ме? Банк квазимемлекеттік сектордың субъектілерінің қатарынан шыға ма? Банк Ислам банкі бола ма?

Бұдан былай «Бәйтерек» Холдингі Банктің акционері болмайды, сондықтан біз квазимемлекеттік сектордың құрамынан шығамыз және бізге бұдан былай квазимемлекеттік талаптар қолданылмайды. Біз жақын арада сатып алу стандарттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс талаптарын, жұмысқа қабылдау үшін құжаттар топтамасын қайта қарастырамыз.

Бұл өзгерістердің барлығы Банктің тиісті бөлімдердің жұмысында.

Lesha Bank-тің келуімен біз шетелдік Банктің еншілес Банкі атанамыз. Біз Ислам банкі болмаймыз. Біздің Банк қазақстандық классикалық әмбебап банк ретінде өз жұмысын жалғастырады. Біз өзіміздің Банктік лицензиямызда қарастырылған барлық классикалық операцияларды, соның ішінде банктік кредиттерді беруді және депозиттерді ашуды жалғастырамыз.

3. Bereke Bank-тің жаңа акционері кім болды?

Lesha Bank LLC (бұрынғы Qatar First Bank) — Катардағы елдің қаржы орталығы реттейтін және Катар қор биржасында тіркелген алғашқы тәуелсіз банк.

Lesha Bank АҚШ, Еуропа және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймақтары сияқты жергілікті, аймақтық және халықаралық нарықтарға қол жеткізе отырып, премиум санатындағы клиенттерге тартымды инвестициялық мүмкіндіктер мен инновациялық қаржылық шешімдерді ұсына отырып, инвестициялық банкингті дамытуға бағытталған.

Lesha Bank-тің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылы Банктің таза кірісі 2022 жылмен салыстырғанда 25,1% - ға өсті. Банктің жалпы активтері жылына 20% өсіммен 6.3 миллиард QAR (1.7 миллиард доллар) құрайды; капиталдың адекваттылығы— 19.45%.

4. Директорлар Кеңесі өзгере ме?

Иә, Lesha Bank Директорлар Кеңесінің жаңа құрамын тағайындайды, оған жаңа акционердің өкілдері мен тәуелсіз директорлар кіреді. Банк пен менеджменттің міндеті – жалпы мәселелерді және мәні бойынша оларды жедел қарастырып, шешім қабылдау үшін Директорлар Кеңесімен барынша тиімді өзара қарым-қатынасты жолға қою болып табылады.

5. Bereke Bank-тің жағдайы жақсы ма?

Bereke Bank-тің жағдайы тұрақты, Банк ай сайын пайда табады, барлық пруденциалдық нормативтерді орындайды және негізгі қаржылық көрсеткіштерді жақсартуды жалғастырады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Bereke Bank өзінің тұрақтылығын көрсетті, бұл KPMG халықаралық аудиторлық компаниясының есебімен расталды. Банк барлық реттеуші талаптарды сақтайды, банктің кредиттік портфелінің сапасы үнемі тексеруден өтеді және клиенттер алдындағы қаржылық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындай алады.

6. "Бәйтерек" ҰБХ оның өтімділігін қолдау үшін Bereke Bank депозиттерінде орналастырылған еншілес (квазимемлекеттік) ұйымдардың қаражатын шығаруға ниетті ме?

Bereke Bank заңды және жеке тұлғалардан қаражат ала отырып, нарықтық жағдайларда тұрақты қорландыруды көрсетуде. Квазимемлекеттік ұйымдардан түсетін қаражаттың мерзімді негізі бар, бұл оларды шарттың мерзімі аяқталғанға дейін сақтауға кепілдік береді. Бұл қаражат Банкке нарықтағы мөлшерлемелер бойынша орналастырылған.

Акционердің ауысуына байланысты бұл қаражат шығарылмайды. 

7. Менің шоттарыма, депозитіме, кредиттеріммен не болады? Кассалар мен банкоматтар өз жұмысын жалғастыра ма?

Сіздің қаражатыңыз сенімді қорғалған, шоттар бойынша барлық операциялар кез-келген уақытта қолжетімді.

Акционердің ауысуына байланысты операциялар мен шарттар бойынша қандай да бір өзгерістер болмайды.

Банк әрқашан клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық міндеттемелерін орындады да, әрі қарай орындауын жалғастырады.

Банк салымдарға кепілдік беру қорының мүшесі болып табылады. Қызметтер мен операциялар жеке тұлғаларға арналған Bereke және кәсіпкерлерге арналған Bereke Business онлайн қосымшаларында қолжетімді. 

Банктің барлық бөлімшелері, кассалары мен банкоматтары бұрынғы тәртібі бойынша жұмыс істейді. 

8. Қолда бар шарттар бойынша шарттар өзгере ме?

Жоқ, Банк клиенттерінің шарттары бойынша талаптар өзгеріссіз қалады. Бұл барлық ағымдағы келісімдер, соның ішінде пайыздық мөлшерлемелер, мерзімдер, төлемдер және басқа да негізгі параметрлері өз күшінде қалады. Клиенттер Банктің барлық қызметтері мен өнімдерін әдеттегідей, ешқандай өзгеріссіз пайдаланады, Банк клиенттер алдындағы өз міндеттемелерінің толық орындалуына кепілдік береді.

9. Банк өз жұмысын Қазақстанда жалғастыра ма?

Иә, Bereke Bank қазақстандық банк және ол ел аумағында өз жұмысын жалғастырады. 

10. Банк капиталдандырыла ма? Катарлық инвестор Bereke Bank-пен не істемекші? Банктің стратегиясы жаңа акционердің келуімен өзгере ме?

Бұл мәселелер жаңа акционердің құзырында және Банктің алдағы үш жылға арналған стратегиясын әзірлеу үшін негіз болады.

Қазіргі уақытта Банкте қандай да бір өзгерістер енгізу жоспары жоқ, қолданыстағы стратегиялар мен бағдарламалар бұрынғы тәртіп бойынша өз жұмысын жалғастырады.

Қазіргі уақытта Банктің меншікті капиталының қажетті қоры бар және Банк барлық пруденциалдық нормативтерді сақтайды, сондықтан қазір капиталдандыруды талап етпейді. Бұл мәселелер жаңа акционердің назарында және Банктің алдағы үш жылға арналған стратегиясын әзірлеу үшін негіз болмақ. Қазіргі уақытта банкте қандай да бір өзгерістер енгізу жоспары жоқ. Банк нарықтағы үлесі үшін дамуды және бәсекелесуді жоспарлап отырған мақсатты сегменттерді, арналарды және өнімдерді өзі үшін анықтап алған. Біз, сондай-ақ, ішкі тиімділік бойынша нарықтың бенчмарктарына ұмтылуымыз керек. Әрі қарай, Lesha Bank-пен бірлесіп, Біз акционермен және жалпы катарлық бизнеспен мүмкін болатын синергияны қандай бағыттарда пайдалана алатынымызды талқылауды жоспарлап отырмыз.

11. Банктің сатыланын қалай білуге болады?

Егер мұндай өзгеріс орын алса, Банк барлық клиенттерге қажетті ақпаратты ресми түрде жариялайтыны сөзсіз. Өзекті және сенімді ақпарат алу үшін біздің ресми арналарымызды (сайтты, әлеуметтік желілердегі ресми беттерді, Bereke және B-Business қосымшаларындағы хабарламаларды) қарауға кеңес береміз. Егер қандай да бір өзгерістер орын алса, біз сізге бұл жайлы міндетті түрде хабарлайтын боламыз.

12. Банктің атауы өзгере ме?

Банк ары қарай қазіргі «Bereke Bank» атауымен өз жұмысын жалғастырады. Заңды құжаттарда банктің толық атауы «Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC-тің (Public) еншілес Банкі) деп көрсетіледі. 

13. Bereke Bank қаншаға сатылды?

Келіссөздер мәртебесі мен мәмілені жүргізу Банктің жалғыз акционері — «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құзыретінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бақылауында.

Банктің өзі келіссөздерге қатыспайды, өйткені ол мәміленің мәні болып табылады.