Барлық жұмыс үдерістері бір-екі шерту арқылы орындалады!
PartnersPay Bereke Bank-пен бірлесіп бизнес пен уақытша қызметкерлер арасындағы кезеңдерді автоматтандыруға арналған жаңа сервисті іске қосты. Мысалы, курьер қызметкерлері. Бұл сервис бухгалтерлік есепті жеделдетуге, әрі үдерістің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал қызметкерлер үшін жұмысқа орналасуды жеңілдетіп, ынталандырып тұрады.
Бұл үдеріс үш негізгі сервис арқылы жүреді:
- •«Құжаттар»;
- •«Төлемдер»;
- •«Бухгалтерлік есеп».
Яғни жылдам, ашық, әрі зиянсыз. Бухгалтерсіз, заңгерсіз және қағаз жүзіндегі құжаттарсыз.
Bereke Bank бұл сервистің техникалық серіктесі болды. Қызметкерлерге Bereke Bank арқылы жалақы төленетін болса, жақын арада онлайн төлемдер мен автоматтандырылған салық төлемдері жасалатын болады.
Бұл сервис қаржылық-технологиялық шешімдер әлемінде салмақты және соңғы уақытта жылдам танымал болып жатқан жаңа ойыншы PartnersPay компаниясымен іске қосылды. Қазірдің өзінде PartnersPay төлемдерінің сомасы 2,8 млрд теңгеден асады, сондай-ақ бұл сервисті Қазақстандағы ең ірі жеткізу және такси агрегаторының, сондай-ақ танымал сусындар дистрибьюторларының уақытша қызметкерлері пайдаланады.
Толығырақ partnerspay.kz сайтында және Instagram @partnerspay парақшасында.