Жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары
1. Неге банк кейбір бөлімшелерін жауып жатыр, мұндай шешім қабылдауға не түрткі болды?
Біз қызмет сапасын арттыруға ұмтылудамыз, қызметтің ыңғайлы әрі сенімді болуына ерекше екпін қоямыз, клиенттерге сервисті бөлімшелерге бармай-ақ қашықтықтан алу мүмкіндігін береміз. Тиімділікті арттыра отырып, барлық қызмет көрсету арналарын жақсартуға тырысамыз, клиенттеріміз үшін жаңа сервистер ендіреміз. Бөлімшелерді қосқанда, барлық қызмет көрсету арналарының қаншалықты сұранысқа ие екенін, келушілер санын тұрақты негізде талдаймыз. Талдау нәтижелері бойынша 1 ақпаннан бастап кейбір аймақтарда келушілер саны аз бірқатар бөлімшелердің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды.
2. Бөлімшелер жабылғаннан кейін клиенттерге қызмет көрсету қалай ұйымдастырылады?
Бөлімше клиенттері Bereke Bank-те онлайн арналар арқылы немесе банктің жақын орналасқан басқа нүктелерінде қызмет алуды жалғастыра алады.
Жеке тұлғаларға арналған «B-Bank» мобильді қосымшасын және кәсіпкерлерге арналған «B-Business» платформасын мына жерден жүктеуге болады:
3. Бөлімшелер мен банкоматтардың мекенжайын қай жерден көруге болады?
Біздің банкіміз еліміздің 18 аймағында қызмет көрсетеді, 18 филиалды қосқанда, 68 бөлімше жұмыс істейді, орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.
4. Неліктен онлайн қызметті пайдаланған тиімдірек?
Біздің клиенттеріміз онлайн-сервистерді пайдалана отырып, сенімділік бағдарламасының аясында қосымша пайда табады. «B-Bank» мобильді қосымшасында Банк картасымен кез келген тауардың және қызметтің ақысын төлегені үшін жоғарылатылған кешбэкті қосуға болады. «B-Bonus +» сервисі бағдарламаны пайдаланушыларға 3%-дан 30%-ға дейін кепілдендірілген бонустар алу мүмкіндігін береді. Әлемнің кез келген нүктесінде 24/7 режимінде сервисті қосып, бонустық шотты басқаруға болады.
5. Қандай қызмет түрлері онлайн қолжетімді?
Біздің онлайн платформаларымыз қаржыңызды жылдам әрі тиімді басқаруға және қаржылық емес, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қоса алғанда, қызметтердің көп түріне қол жеткізуге көмектеседі.
«B-Bank» мобильді қосымшасында мынадай қызмет түрлері қолжетімді:
- • Цифрлық карта ашу және пластикалық картаға тапсырыс беру
- • KZT/RUB/USD/EUR/CHY-да шоттар ашу
- • Депозиттер бойынша жасалатын операциялар
- • Өз шоттарыңыздың және карталарыңыздың арасында жасалатын ақша аударымдары
- • ҚР ішінде және шетелде жасалатын ақша аударымдары
- • Валюта айырбастау
- • Төлемдер - ТҮКШ, Интернет, салық, айыппұлдар және т.б.
- • Кепілсіз кредит ресімдеу және қайта қаржыландыру
- • Бонустық бағдарламаны басқару
- • Киноға билеттер сатып алу
- • Мемлекеттік қызметтер – цифрлық құжаттар, көлік кепілін тіркеу және жеке тұлғалардың активтері туралы декларация өткізу (250-нысан)
- • Және басқа да қызметтер.
Кәсіпкерлерге арналған «B-Business» мобильді қосымшасында мынадай қызмет түрлері қолжетімді:
- • ЖК/ЖШС тіркеу
- • Шоттар ашу
- • Ағымдағы шоттар бойынша жасалатын операциялар
- • Депозиттер бойынша жасалатын операциялар
- • Айырбастау
- • Төлемдер/Теңгеде/валютада жасалатын ақша аударымдары
- • Шоттар жөнінде анықтама
- • Корпоративтік карта шығару
- • Және басқа да бірқатар операциялар мен сервистер.
6. Кепілсіз қолма-қол кредитті қалай ресімдеуге болады?
Кепілсіз қолма-қол кредитті үйден шықпай-ақ, онлайн ресімдеуге болады. Кредиттің максималды сомасы 8 млн теңге, мерзімі – 5 жылға дейін.
7.Bereke Bank-те кредитті қалай өтеймін? Шоттарда шектеулер болмаған жағдайда.
Кредитті "Bereke Bank" АҚ банкоматтары, B-Bank мобильді қосымшасы, "Қазпошта" АҚ (комиссиясы – қабылданған төлем сомасының 1,2%-ы) арқылы, сондай-ақ ЕДБ арқылы әр банктің тарифтеріне сай өтеуге болады.
8.Bereke Bank-те кредитті өтеу күнін қалай өзгертуге болады?
Төлем жасау күнін өзгерту жөнінде Банктің өз қалаңыздағы филиалына жүгіну қажет.
9. Депозитті қалай толықтырады?
Депозитті B-Bank мобильді қосымшасында картаңыздан немесе ағымдағы шотыңыздан, басқа ЕДБ-дан қолма-қол жасалмайтын тәсілмен аудару арқылы немесе Банктің банкоматы арқылы қолма-қол жасалатын тәсілмен толтыра аласыз.
10. Бөлімшеге бармай-ақ, салымнан/ағымдағы шоттан ақша шешіп ала аламын ба?
Иә. Банктің банкоматтары арқылы тәулігіне 2 000 000 теңгеге дейін, егер алатын сома белгіленген лимиттен көп болса, жақын орналасқан бөлімшеге жүгіну қажет.
- Сіз B-Bank мобильді қосымшасында салымнан және ағымдағы шоттан қаражатты басқа банктердің шотына/картасына аудара аласыз.
11. Банкте ақша аударымдарының қандай түрлері қолжетімді және оларды қалай жүргізеді?
Bereke Bank-те мынадай ақша аударымдары қолжетімді:
Swift/Золотая Корона/ТМД-ға жасалатын ақша аударымдары/РФ-ға шот нөмірі бойынша (санкциялық тізімге енген банктерді қоспағанда).
Ұлттық және шетел валютасында жасалатын ақша аударымдары, төлемдер қандай да бір шектеулерсіз жасалады.
Ақша аударымын B-Bank мобильді қосымшасында онлайн түрде және Банктің бөлімшелерінде жүргізуге болады.