Bereke Bank
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Банктік қарыз шартына өзгерту енгізу туралы өтініш берудің тәртібі мен шарттары

Құрметті Банк қарыз алушысы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 36-бабына сәйкес, сізде банктік қарыз шартына (бұдан әрі – БҚШ) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жазбаша өтінішпен Банкке жүгінуге құқығыңыз бар. Бұл өтінішті мерзімі өткен берешек туындаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ұсынуыңыз қажет. Алайда, келесі жағдайларда өтініш қаралмайды:

1) заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда;

2) БҚШ бойынша берешекті өндіру туралы атқарушылық жазба болған жағдайда;

3) БҚШ бойынша берешекті реттеу немесе сот актісін орындау мақсатында жасалған медиация тәртібімен дауды (жанжалды) реттеу туралы бітімгершілік келісімі немесе келісім болған жағдайда;

4) сондай-ақ, егер Банк БҚШ бойынша құқықты (талапты) үшінші тұлғаға (коллекторлық компанияға) берген болса. '

Қайта құрылымдау – бұл БҚШ шарттары мен талаптарына кез-келген өзгерістер енгізу.


Өтінішті қалай беруге болады?

1. Сізге Банктің нысаны бойынша БҚШ талаптарына өзгерістер енгізу туралы Өтінішті Банк бөлімшелеріне келесі анықтамалық бойынша тапсыру қажет: Қарыздарды қайта құрылымдау мәселелері бойынша бөлімшелер анықтамалығы

2. Өтініште БҚШ бойынша міндеттемелерді орындауды кешіктіру себептері, өтініш беру сәтіндегі кірістер және БҚШ талаптарына өзгерістер енгізуге негіз болатын басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтер көрсетілуі қажет. Мысалы,

- ауыр дерттің болуы және отбасы мүшелерінің ауруы;

- «Отбасының цифрлық картасы» жобасы шеңберінде D және Е санатына немесе «Қарызсыз қоғам» жобасына жатуы;

- ХӘОТ санатына жатуы немесе қарыз ресімделгеннен кейін ХӘОТ мәртебесін алуы;

- Төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккендер;

- омбудсменнің шешімі бойынша;

- I топтағы мүгедекке күтім жасайтын қарыз алушылар.

3. Өтінішке міндетті түрде берешекті төлеу мүмкін еместігін / банктік қарыз шартының ағымдағы талаптары бойынша міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан мән-жайларды растайтын құжаттарды қоса ұсыну қажет.


Берешекті өтеу шарттарының орындалуы себебіне байланысты тізімнен тиісті негізді таңдау қажет. Ашылмалы тізім (көрсеткі) бойынша негізді таңдағаннан кейін қайта құрылымдау арқылы жүгінген кезде ұсынуға міндетті құжаттардың тізбесі көрсетіледі:

қарыз алушының және оның отбасы мүшелерінің аурудың ауыр нысандарынның болуы:


· Тұрақты психотикалық симптоматикасы және тұлғаның айқын өзгерістері бар психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары).

· Қол-аяқ функцияларының және жамбас мүшелері функцияларының тұрақты ауыр бұзылуы бар орталық нерв жүйесінің органикалық және жарақаттанудан кейінгі бұзылуы.

· Нәжіс, несеп және қынап жыланкөздері, қуық стомасы, жасанды анус.

· Жиі ұстамасы III дәрежелі асқынған тыныс алу функциясының жетіспеушілігі бар бронх демікпесінің ауыр нысаны, үздіксіз-қайталанбалы ағым.

· Қозғалу функциялары жоғалған тұқым қуалайтын үдемелі нервтік-бұлшықет дистрофиясының ауыр нысандары.

· I типтегі қант диабеті, ауыр нысаны.

· Онкологиялық аурулар

· Туберкулез

· АИТВ

· I және II топ мүгедектік

· Еңбекке қабілеттілігін 1 (бір) айдан астам мерзімге ішінара / толық жоғалтуға әкеп соққан өзге де созылмалы ауру түрі

I топтағы мүгедекке күтім жасайтын қарыз алушылар:

•  Мүгедектік туралы қорытынды және оның мәртебесі мен еңбекке жарамсыздығын (ішінара/толық) растайтын мүгедек куәлігі;

•  Еңбекке жарамсыздық парағы (еңбекке қабілеттілікті шектейтін I топтағы мүгедектікті алу) Бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды құжаттамалық растаған кезде

- Омбудсменнің шешімі бойынша

- қарыз алушының «Отбасының цифрлық картасы» жобасы шеңберінде D және Е санатына, сондай-ақ «Қарызсыз қоғам» жобасына жататынын растайтын құжат;

- «Халықтың әлеуметтік осал топтары» (ХӘОТ) мәртебесін растайтын құжат;

- Төтенше жағдай шеңберіне жатқызылған жағдайлар нәтижесінде денсаулыққа немесе мүлікке келтірілген залалды растайтын құжат.

Растайтын құжаттардың қолданылу мерзімі өтініш берілген сәтте олар берілген/алынған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Бұл ретте Банк өтінішті қарау үшін қажетті қосымша құжаттарды сұратуға құқылы, олар Қарыз алушы тарапынан Банктің сұрауын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

4. Банк Сіздің өтінішіңізді алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Сіз ұсынған БҚШ талаптарына өзгерістерді қарастырады және БҚШ-да/өтініште көзделген тәсілмен Сізге келесі шешімдердің бірі туралы хабарлайды:

• БҚШ-ның талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы;

• БҚШ-ның талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныс туралы;

• БҚШ-ның талаптарын өзгертуден бас тарту туралы, мұндай бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып.

Бұл ретте Банк қайта құрылымдау жүргізілгеннен кейін Қарыз алушының қарызды өтеу мүмкіндігінің болуын ескере отырып, Қарыз алушының қаржылық жағдайына кешенді бағалау нәтижелері бойынша БҚШ-ның талаптарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.

Қарыз алушының БҚШ бойынша міндеттемелерді орындамауы және/немесе тиісінше орындамауы жағдайында Банк қабылдайтын шаралар:

1. Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны, оның ішінде төлем талабын қою арқылы даусыз тәртіппен өндіріп алу;

2. БҚШ бойынша берешек сомасын өндіру туралы сотқа талап қою, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен («Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану;

3. Берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беру;

4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 36 және 36-1-баптарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талапты) беру. https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z950002444_#z49