Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank Қазақстандағы бизнесті дамытуға белсенді қолдау көрсетіп келеді

Банк кәсіпкерлерге жаңа акция ұсынады

Кәсіпкерлік қызметті қолдау – Bereke Bank-тің басымдық беретін бағыттарының бірі. Банк шағын және орта бизнес секторындағы клиенттердің қажеттіліктерін ескере келе жаңа акцияны іске қосқанын қуана хабарлайды.

Енді Bereke Bank-те шот ашу жылдам әрі ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа да мүмкіндіктер іске қосылды. B-Business мобильді қосымшасында банктік шот ашқан кезде клиент автоматты түрде төменде көрсетілген үш қызметтің бірін 1 айға тегін қосу мүмкіндігіне ие болады: В-START, B-ACTIVE, B-ACTIVE PRO.

Кешенді тәсілдің арқасында ұсынылып отырған қызметтер пакетін қолдану өте ыңғайлы. Олардың әрқайсысы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін бизнесті ыңғайлы жүргізуге қажетті операцияларды қамтиды. Қызметтер пакетіне теңгеде тегін жасалатын ақша аударымдары (шетел валютасында да қолжетімді), банктік кепілдіктер, онлайн-банкинг, төлемдер, касса немесе өздігінен қызмет көрсететін құрылғылар арқылы жүргізілетін операциялар, чек кітапшалары және т.б. енеді.

1 ай өткеннен кейін қызметті қайта ұзартқыңыз келсе, қызметтер пакетін нақты құны бойынша қоса аласыз.

Қосымша ақпаратты байланыс орталығынан 7744 нөмірі арқылы алуға болады  (ҚР аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).  

Қосымша Android және Huawei құрылғыларын пайдаланушыларға қолжетімді.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22 ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия.