Қарыздарды өтеу тәртібінің өзгергені туралы хабарлама
Құрметті клиенттер!
«Bereke Bank» АҚ жеке тұлға клиенттерге 2026 жылғы 19 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 58-бабының 20-тармағына сәйкес банктік қарыз шарттары бойынша берешекті өтеу тәртібі өзгеретінін хабарлайды.
Егер қарыз алушының төлем сомасы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді толық орындауға жеткіліксіз болса, түскен сома келесі кезектілікпен берешекті өтеуге бағытталады:
1. негізгі борыш бойынша берешек;
2. сыйақы бойынша берешек;
3. тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар);
4. төлемдердің ағымдық кезеңі үшін негізгі борыш сомасы;
5. төлемдердің ағымдық кезеңі үшін сыйақы;
6. қарызды беру және қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар және өзге де төлемдер;
7. орындауды қабылдау бойынша Банктің шығындары.
Көрсетілген тәртіп 2026 жылғы 19 наурызға дейін жасалған қолданыстағы банктік қарыз шарттарына да қолданылады. Төлемдерді бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес Банкпен автоматты түрде жүзеге асырылады. Осы тәртіптің енгізілуіне байланысты қолданыстағы банктік қарыз шарттарына қосымша келісімдерге қол қою талап етілмейді.
Қарыздар бойынша төлемдерді жүзеге асырған кезде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.