Банктің бұрын шығарылған екі атаулы купондық облигацияларды сатып алуы туралы
13.08.2024 г. «Bereke Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) Банктің Директорлар кеңесі бұрын Банктің Үшінші облигациялық бағдарламасының шегінде шығарылған екі атаулы купондық облигациялар шығарылымын келесі талаптарда сатып алу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды: бесінші шығарылым - BERKb16, KZ2C00010072 және алтыншы шығарылым - BERKb17, KZ2C00010080:
1) сатып алу бағасы: жиналған, бірақ сатып алу күніндегі жағдай бойынша төленбеген купондық сыйақы есебімен номиналды құнына сәйкес келетін баға (таза бағасы емес);
2) сатып алынатын облигациялар саны: 100 000 000 (жүз миллион) дана;
3) сатып алу тәртібі: ұйымдастырылған нарықта ашық сауда әдісі;
4) сатып алу күні (мерзімі): сатып алу туралы шешімді жариялағаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
5) сатып алу мақсаты: өтімділікті басқару.