Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды

Жалғыз акционер Lesha Bank LLC-дың (Public) 2024 ж. 12 желтоқсандағы шешімімен қазіргі құрамның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, «Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланды.

Lesha Bank LLC (Public) атынан акционер және Банк командасы Мәдиев Мағжан Дінмұхаммедұлы мен Мақсат Нұриденұлына атқарған жұмыстары мен Bereke Bank-тің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін алғыс білдіреді. Әріптестеріміздің басшылығымен Банк өз тарихында ең қиын әрі құбылмалы кезеңнен сәтті өтті, халықаралық санкциялардан шығып, операциялық қызметті толығымен қалпына келтірді және барлық қаржылық көрсеткіштерін жақсартты. Банк пайдаға қол жеткізіп, ары қарай да өзінің тұрақтылығын сақтап қала алды.

«Bereke Bank» АҚ Жаңа Директорлар кеңесі мынадай құраммен алдағы үш жылға сайланды:

  • • Нассер Абдулла С М Аль-Шариф (Nasser Abdulla S M Al-Shareef) – Директорлар кеңесінің Төрағасы, тәуелсіз директор; 
  • • Дэвид Марк Браун (David Mark Brawn) – тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі; 
  • • Качмарек Пётр Януш (Kaczmarek Piotr Janusz) – тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі; 
  • • Тимченко Андрей Игоревич – Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі. 

«Жаңартылған Директорлар кеңесінің басшылары халықаралық тәжірибеге ие, тәуелсіз және қаржы саласында кәсіби сарапшылар болып табылады. Объективтілік пен жан-жақтылық тиімді басқаруға, тұрақты дамуға және Банктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге өз септігін тигізеді. Біз акционермен бірге ел нарығындағы өз ұстанымымызды одан әрі нығайтуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті «Bereke Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Андрей Тимченко.

Bereke Bank басшылары туралы ақпарат

Насcер Абдулла С. М. Аль-Шариф, Директорлар кеңесінің Төрағасы, тәуелсіз директор 

Насcер Абдулла С. М. Аль-Шариф Джордж Вашингтон университетінде электрлік техника білімін және Хьюстон университетінде жобаларды басқару магистрі дәрежесін алды.

Оның еңбек жолы Qatar Gas, Катар Ұлттық Банкі, Barclays Capital және Q-Invest сияқты ірі ұйымдардағы негізгі позициялардан басталып, әртүрлі инвестициялық және сақтандыру компанияларының директорлар кеңестері мен комитеттеріне мүшелік етумен жалғасты. Қазіргі уақытта ол Qatar Islamic Bank-тің Басқарма мүшесі, сондай-ақ ондағы Ішкі аудит, комплаенс және тәуекелдер жөніндегі комитеттің Төрағасы, сондай-ақ WISE Consultancy бас директоры. 

Петр Януш Качмарек — тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі

Вроцлав университетін Заң магистрі дәрежесімен тәмамдады. Петр Януш Качмаректің халықаралық қаржы және банк құрылымдарында, соның ішінде Credit Agricole Group компаниялар тобында мол тәжірибесі бар, онда ол бас директор, бас директордың орынбасары және Заң департаментінің басшысы қызметтерін атқарды. Франция, Польша, Украина, Чехия және Беларусь сияқты бірнеше елдерде еңбек етті. Сонымен қатар ол Idea Bank, Carcade Leasing, Belarusian Small and Medium Business Bank сияқты және басқа да бірқатар ірі ұйымдардың Директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2024 жылдың ақпан айынан бастап Поляк-Украина сауда палатасы Президентінің кеңесшісі.

Дэвид Марк Браун — тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі

Брайтон политехникалық институтын (қазіргі Брайтон университеті) тәмамдап, азаматтық құрылыс дипломын алды.

Дэвид Марк Браун өзінің кәсіби тәжірибесінде Bankers Trust (АҚШ), Banco Santander (Ұлыбритания), Donaldson, Lufkin & Jenrette (Ұлыбритания), Commerzbank Securities (Ұлыбритания), Merrill Lynch International (Ұлыбритания), VTB Capital және VTB Group сияқты жетекші халықаралық қаржы ұйымдарында қызмет атқарды. Сондай-ақ Дэвид Марк Браун Alfa Bank-та (Ресей және Қазақстан) тәуекелдер жөніндегі директор және Sense Bank (Украина) Бақылау кеңесінің және Letterone Treasury Services-тың (Люксембург) Инвестициялар және тәуекелдер жөніндегі комитетінің мүшесі қызметін атқарды.

Бүгінде Oman Investment Bank-тің (Сұлтанат Оман) Бас атқарушы директоры қызметін атқарады. 

Тимченко Андрей Игоревич — Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі

Қазақ мемлекеттік заң институтын «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдады. Сонымен қатар Гарвард бизнес мектебі (АҚШ), Уортон бизнес мектебі (АҚШ), Лондон бизнес мектебі, Bank of New York, Citibank, INSEAD және Euromoney сияқты үздік халықаралық жоғары оқу орындары мен қаржы ұйымдарында қосымша білім алды.

20 жылдан астам уақыт Қазақстанның ірі банктерінде басшылық лауазымдарда қызмет етіп келеді. Цифрлық өнімдер мен бизнес-модельдерді әзірлеу бағыты бойынша маманданған. Банктік және басқа секторлардың конвергенциясында тәжірибесі бар, міндеттерді бөлуге, орталықтандырылмаған басқару жүйелеріне және кәсіпкерлік мәдениетке баса назар аударады. Еңбек жолын 1997 жылы Ernst & Young-та бастады, содан кейін «Казкоммерцбанк» АҚ-да, «Сбербанк»АҚ ЕБ-да, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ-да қызмет атқарды. 2022 жылдан бастап «Bereke Bank» АҚ-ны басқарады.