Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Ғажайып жаңа жыл

Bereke Bank жаңа жыл қарсаңында өзінің қамқорлығындағы «Солнышко» балалар үйіндегі және «Судьба» мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасылық клубындағы тәрбиеленушілерді құттықтады

Жаңа жыл – балалар да, ересектер де асыға күтетін сүйікті, ғажайыпқа толы мереке. Банк жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі түрде өзінің қамқорлығындағы ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балаларды құттықтады, бүлдіршіндердің армандарын орындау үшін Аяз Атаның рөліне енді.

Биыл да балалар «Аяз Атаға хат» жазды, әр тілек назардан тыс қалмады. Арман-тілектерді орындауға Bereke Bank-тің мейірімді сиқыршылары көмектесті. Бүлдіршіндер өз хаттарында самокат, ойыншықтар, көрнекі құралдар, киім және басқа да сыйлық түрлерін сұрады, ал банктің қызметкерлері балалардың тілектерін барынша орындауға тырысты. Сонымен бірге барлық балалар банктің атынан тәтті сыйлықтар алды.
Сыйлықтарды табыстау «Солнышко» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің керемет мерекелік қойылымымен түйінделді, осылайша балалар банк қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.

Естеріңізге салсақ, Банк көп жыл қатарынан «Солнышко» балалар үйі мен «Судьба» мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасылық клубына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Банк аталған ұйымдарға материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сауықтыру демалыстарын және балалар үшін мерекелер ұйымдастыруға көмектеседі, сондай-ақ олардың барынша дамуына да ерекше атсалысып келеді.

Бүгінде «Солнышко» балалар үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 2 жастан 18 жасқа дейін шамамен 50 бала тәрбиеленуде. «Судьба» мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасылық клубы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жанұяларға қол ұшын созады (шамамен 30 бала).

Айта кетерлігі, банк балаларға арналған әлеуметтік мекемелерге тұрақты түрде қолдау көрсетеді. Қайырымдылық пен демеушілік – корпоративтік мәдениетіміздің бір бөлігі әрі қоғамдық өмірге белсене атсалысудың дәстүрлі бағыттарының бірі.

Save 20221228 112540

Save 20221228 112505

Photo 2022 12 28 10 32 05