Bereke мобильді қосымшасында маңызды өзгерістер
Құрметті клиенттер!
«Bereke Bank» АҚ-ы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 105 Қаулысына сәйкес 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға арналған Bereke мобильді қосымшасында теңгемен аударымдарды орындағанда толтыруға қажетті қосымша өрістердің енгізілетінін хабарлайды.
Қосымша өрістер ISO 20022 жаңа халықаралық стандартына көшуіне байланысты енгізілді. Бұл өзгерістер ақшаны аударуға және төлемдерді өңдеу процестерін жеңілдетуге және жақсартуға көмектеседі, сонымен қатар қаржы институттары арасында тиімді ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Бұл өзгерістер тек теңгедегі шоттар бойынша аударымдарға қатысты, сол себепті техникалық жұмыстар тек осы аударымдар шеңберінде жүргізілетін болады. Банктің басқа да операциялары штаттық режимде орындалады.
Назар аударыңыз! Bereke қосымшасында толтыруға қажетті қосымша өрістер:
• Нақты төлеуші мен нақты (соңғы) бенефициар - егер сіз басқа адамға төлем жасасаңыз немесе ақша (соңғы) бенефициарға тікелей жіберілмесе, бұл өрістерді толтыру қажет. Егер нақты төлеуші мен нақты (соңғы) бенефициар сәйкесінше ақша жөнелтушімен және бенефициармен сәйкес келсе, бұл өрістерді толтыру қажет емес.
• Резидент елінің коды — егер ақша жөнелтуші немесе алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, Резиденттің елін ҚР ұлттық жіктеуіне сәйкес екі әріптен тұратын код түрінде көрсету қажет ҚР ҰК ISO 3166-1-2016 «елдердің атаулары мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1 бөлім. Ел кодтары».
МАҢЫЗДЫ:
• Деректемелерді дұрыс тергені үшін төлем/аударым жасайтын адам жауапты болады.
• Қосымша ақпаратты Ұлттық Төлем Корпорациясының сайтында келесі сілтеме арқылы алуға болады: https://npck.kz/kz/standart-iso-20022/ .
Түсіністік үшін рахмет!